Жеке жұмыс.«Егжей-тегжейлі оқу» әдісі арқылы «Бала құқығы-асыл қазына»мәтінін оқып, мәтінде көрсетілген мәселені анықтайсыздар, өзіндік пікір білдіресіздер
Ұжымдық жұмыс. -Мәтінде қандай мәселе көтерілген деп ойлайсың?
-Мәтіндегі негізгі тірек сөздер қайсысы болуы мүмкін?
-Мәтінде кездестіруім мүмкін деген сөздер кездесті ме?
-Ол сөздердің мәтінде көтерілген мәселені анықтауда қатысы бар деп ойлайсың ба?
-Қазіргі қоғамдағы ауыр қаржылық жағдайда өмір сүріп
жатқан отбасыларда бала құқығы қорғалып жатыр ма, бұл туралы сен не ойлайсың?
Саралау: «Диалог жəне қолдау көрсету»әдісі бойынша кейбір ерекше қабілетті оқушыларды ойланту үшін жəне әрі қарай жетелей отырып,бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақ ұсынамын.
-Сен үшін өз құқығыңды білу қаншалықты маңызды? -Құқықтық білімді дамыту үшін не істеуге болады? -Сыныптасыңның пікіріне сен тағы қандай ой қосар едің? Дескриптор: -мәтінді мұқият оқиды;
-мәтіннің мазмұны не туралы екенін тірек сөздер арқылы айтады;
- тақырыпта көтерілген мәселені анықтайды;
- көтерілген мәселені талқылайды.
Бағалау критерийлері:тақырыпқа қатысты көтерілген мәселені талқылау сұрақтарын құрастырады.
Жеке жұмыс: «Конверттегі сұрақ» әдісі Әрбір топ мәтінде көтерілген мәселеге байланысты 5 сұрақ дайындайды. Әр сұрақ бір конвертке салынады.
Топтар сұрақтармен алмасады. Топ мүшелері стикерлерге әр сұрақтың жауабын жазып, конвертке салады. Конверттер сұрақ жазған топқа қайтарылады.
1-топ сұраққа себеп мәнді салалас құрмалас сөйлем арқылы жауап береді.
2-топ сұраққа салдар мәнді салалас құрмалас сөйлем арқылы жауап береді.
Конверттер сұрақ жазған топқа қайтарылады.
«Ақпаратты сүзу» әдісі. Конверттегі сұрақтарға берілген жауаптарды сүзгіден өткізеді, яғни әрбір жауапты топ бойынша талқылай отырып, сұрақтарға берілген дұрыс жауаптарды сүзіп қалдырады.