«Қауіпсіздік белдігін тексереміз» Тік тұрамыз, аяқтар алшақ қойылады, қолдарымыз денеміздің бойында. Оңға-солға еңкейіп, қолдарды дене бойымен сырғытамыз.
«Тежегішті тексереміз» Тік тұрамыз, қолдарымыз арқамыздың артында, алдымен сол аяқтың табанын, одан кейін оң аяқтың табанын айналдырамыз.
«Кеттік!» Бір орында жүру, кейін ол жүгіруге ұласады.
(Т, Қ) Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс – Ата-анаң саған қоғамдық орындардағы қандай мінез-құлық ережелерін үйретті? (Тәртіптілік, сыпайылық)
Айсұлудың сұрағы:
– Көлікте кімге орын беру керек?
(Ж) Оқулық бойынша жұмыс Ережелер жазылған бұлтшалармен жұмыс.
Қорытынды:
Жаныңда жасы үлкен адам тұрмаса ғана орындыққа отыра аласың. Олай болмаса сен орын беруге тиіссің. Жасы кіші жасы үлкенге, ер адам (ер бала) әйелдерге (қыздарға) орын береді. Науқас және мүгедек адамға да орын беру керек. Осындай іс-қимылға әрқашан алғыс айтылады.
Қоғамдық көлікте достармен (телефон арқылы) сөйлескен кезде, сені сөйлесіп отырған адам ғана естуі тиіс. Дауысыңды қатты шығарып, назар аудартудың қажеті жоқ.
Құлап қалмау үшін тұтқадан ұстап тұру керек.
Көлік толық тоқтағаннан кейін ғана көлікке кіруге (түсуге) болады.
Шығуға алдын ала дайындал. Аялдамада шықпайтындармен орын ауыстыр.
Біз қоғамдық көлікті үнемі пайдаланамыз. Ойлап қарасаң, қиын ештеңе де жоқ, отыр да жүре бер. Алайда жолаушыларға арналған қауіпсіздік ережелері бар.
(Ұ, К) «Автобуста» мультфильмін көріп, одан әрі талқылау. Оларды сақтамау мынадай жағдайға әкеп соғады.
– «Барлық көлікте бірдей осы ережелерді сақтау керек пе?» деген сұраққа ойланып көріңдер?
(Ж) Ауызекі сөйлеу тілін дамытуға арналған «Әңгіме құрамыз» жаттығуы. – Тақтада сөз тіркестері жазылған, көлікте жүрген кездегі іс-қимылдарды ретімен орналастыру қажет:
1. Автобус келіп тоқтады.
2. Билет алдым.
3. Орын бердім.
4. Көлік салонына кірдім.
5. Шығуға дайындалдым.
– Осы сөз тіркестерімен сөйлем құрып көр.