Ой қозғау Оқушылар,әр елдің сәлемдесу ерекшеліктеріне тоқтала отырып,сабақтың тақырыбын ашамыз. «Сәлем-сөздің анасы» Тыңдалым алды тапсырмасы: Төмендегі сұрақтарды қойып, сәлемдесу үлгілерінің суреттері бойынша оқушы пікірін тыңдауға болады.
· Сәлемдесу не үшін керек?
· Сәлем беру мен сәлем алудың айырмашылығы неде?
· Суреттегі сәлем түрлерін сөйлете синонимдерді тиімді қолдану.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Мәтінмен жұмыс Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір -бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір –біріне аман - саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді. Әрбір адам « қайырлы таң», « қайырлы күн », « қайырлы кеш » деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілін де бір – бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.Амандасу -- адамгершіліктің , әдептіліктің бір белгісі болып табылады.« Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені,Жақындықтың белгісі - келіп -кетіп жүргені » ,- деп халқымыз бекер айтпаған болар.
Ақсақал мен жігіттің амандасуы Жігіт:Ассалаумағалейкум, ата!