Сабақтың тақырыбы Баскетбол техника қауіпсіздігі Оқу мақсаттары 9



бет28/56
Дата14.02.2023
өлшемі303,78 Kb.
#67876
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
9 ҚМЖ дайын 3 тоқ — копия — копия

Футбол позициялық ойын

Оқу мақсаттары

9.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді бағалау

Сабақтың мақсаты

дене шынықтыру сабақтарына арналған физикалық жаттығуларын құру, түсіндіру және өткізу, олардың ағзаны қалпына келтіру тиімділігін бағалау

Бағалау критерииі

Оқушылардың физикалық дайындығы.

Сабақтың уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 10 мин

Сыныпты уйымдастыру: кезекшінің баяандама беруі, сәлемдесу,
Сабақтың барысын түсіндіру. Саптағы жаттығулар. Оң,сол,кері бұрыл,бір орында аяқ алу.
Тапсырма бойынша жүру.
Қол белде аяқтың ұшымен, өкшемен іші-сыртымен жүру.
Жартылай, толық отырып жүру, қос аяқпен секіру
Жүгіру жаттығулары:
а)Жеңіл жүгіріспен, оң-сол жақ қапталмен, артпен жүгіру
ә)Қолды алдыға, артқа, жанға соза тізіне, өкшені, аяқтың сыртқы-ішкі жанына жеткізе жүгіру
Тапсырма бойынша жүру жаттығуы:
Мойын, қол, шынтақ, иық буынына арналған жаттығу.
Бұрыштама жүріс, иректеліп жүру,
Орында жасалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Қ.ж н.т қол белде басты алға,артқа,оң-солға 4-санына жасау
Қол иықта 1-2 алдыға, 3-4 артқа айналдыру, т.б жаттығулар.
Қол кеуде тұсында 1-2 қол бүгулі артқа, 3-4 толық жаза оң-сол қапталға бұрыла,қолды жанға соза иіле 1-2 оңға 3-4 солға аяқ ұшына жеткізу.
Қол желкеде 1.оң шынтақты сол аяқтың тізесіне,2.б.қ. 3-4 екінші жаққа қайт-у.
Оң қол жоғарыда,сол қол белде 1-2 сол жаққа иіле,3-4 келесі жаққа.

Оқушылар ойын кезінде аяақтардың әрекетін жақсарту үшін жұптарда жұмыс істейді.

Қол шапалақ



Ұялы телефон



Ортасы
30 мин

Міндеті: «пас беру арқылы» комбинациясымен шабуылдау кезіндегі өзара тактикалық әрекеттерді үйрету.
Мазмұны: алаңға конустар ағылшынның Y әрпі үлгісінде қойылады және әр конустың жанына бір оқушыдан тұрады. Ортадағы оқушы кеудесімен алдау әрекеттерін орындап, сол жаққа кетіп, допты оң аяғымен қабылдайды және конустың сол жағындағы бос жерге ашылған өз ойыншысына сол аяғымен пас береді. Ашылған ойыншы допты қозғалыс кезінде қабылдап, сол аяғымен шағын қақпаға соққы жасайды. Алғашқы пас берген ойыншы ортаға барады. Ал екінші ойыншы солға ауысады. Қақпаға соққы жасаған бала мәре сызығына барады. Содан соң барлық әрекеттер оң жаққа орындалады.
Тапсырмаға қойылатын талаптар: допты қабылдау үшін жартылай бұрылу. Допты қозғалыс кезінде қабылдау. Допты дәл беру. Допты алыс аяғымен қабылдау.
Міндеті: «пас беру арқылы» комбинациясын бекіту.
Мазмұны: ойын 15×15 м шаршыда өткізіледі. Допты екі ойыншы жүргізеді. Олардың міндеттері – 45 секунд ішінде ашылып, бір бейтарап ойыншылардан (қызылдар) допты қабылдап, екінші бейтарап ойыншыларға (жасылдар) пас беру. Доппен әрекет етуге шектеу жоқ. Бейтарап ойыншылар өзара ойнамайды, олар 1×1 үлгісінде ТЕКЕТІРЕСке түскен негізгі ойыншыларды паспен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Ойыншылардың бірі доптан айырылып қалған жағдайда, оның қарсыласы бейтарап ойыншылармен доптан айырылып қалғанға дейін өзара әрекет етеді.

Содан кейін олар қолдарын кеңінен сермеп жүгіреді.



Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
ҚБ

Ысқырық, секунд өлшегіш, конустар
Сілтеме:
https://youtu.be/TVTmXXs1gRQ



Сабақтың соңы 5 мин



Сабақты қорытындылау:Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды.



Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет