Сабақтың тақырыбы Баскетбол техника қауіпсіздігі Оқу мақсаттары 9


Баскетбол екі қадам жасап допты себетке түсіру



бет19/56
Дата14.02.2023
өлшемі303,78 Kb.
#67876
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
9 ҚМЖ дайын 3 тоқ — копия — копия

Баскетбол екі қадам жасап допты себетке түсіру

Оқу мақсаттары

9.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түрлендіре білу;



Сабақтың мақсаты

дене шынықтыру сабақтарына арналған физикалық жаттығуларын құру, түсіндіру және өткізу.

Бағалау критерииі

Оқушылардың физикалық жағдайлары.

Сабақтың уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 10 мин

Сыныпты уйымдастыру: кезекшінің әмір беруі, сәлемдесу,
Сабақтың барысын түсіндіру. Саптағы жаттығулар. Оң,сол,кері бұрыл,бір орында аяқ алу.
Тапсырма бойынша жүру.
Қол белде аяқтың ұшымен, өкшемен іші-сыртымен жүру.
Жартылай, толық отырып жүру, қос аяқпен секіру
Жүгіру жаттығулары:
а)Жеңіл жүгіріспен, оң-сол жақ қапталмен, артпен жүгіру
ә)Қолды алдыға, артқа, жанға соза тізіне, өкшені, аяқтың сыртқы-ішкі жанына жеткізе жүгіру
Тапсырма бойынша жүру жаттығуы:
Мойын, қол, шынтақ, иық буынына арналған жаттығу.
Бұрыштама жүріс, иректеліп жүру,
Орында жасалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Қ.ж н.т қол белде басты алға,артқа,оң-солға 4-санына жасау
Қол иықта 1-2 алдыға, 3-4 артқа айналдыру, т.б жаттығулар.
Қол кеуде тұсында 1-2 қол бүгулі артқа, 3-4 толық жаза оң-сол қапталға бұрыла,қолды жанға соза иіле 1-2 оңға 3-4 солға аяқ ұшына жеткізу.
Қол желкеде 1.оң шынтақты сол аяқтың тізесіне,2.б.қ. 3-4 екінші жаққа қайт-у.
Оң қол жоғарыда,сол қол белде 1-2 сол жаққа иіле,3-4 келесі жаққа.

Оқушылар баскетбол ойын барысында алаңның сызық бұрыштарынан себетке доп түсіруге әрекеттенеді

Қол шапалақ



Ұялы телефон



Ортасы
30 мин

Баскетбол ойынында ең бастысы себетке допты салу болғандықтан себетке тез түсу жағын қарастырамыз .Сол себепті бізге ең ыңғайлы және нәтижелі жаттығудың бірі екі қадам жасау арқылы допты лақтыру. Допты екі қадам жасау арқылы лақтыру жаттығуын орындау үшін допты ұрып келіп үштік белгіленген сызығынан өткеннен кейін допты екі қолмен ұстап бірінші қадамды оң аяқпен бастап екінші қадамды сол аяқпен және сол аяқтың күшімен жоғары секіру қажет. Жаттығуды орындау барысында допты қарсыластың тартып алмауы үшін алдымызға ұстаймыз. Допты себетке лақтыру кезінде қалқанда белгіленген сызық бойына лақтырамыз. Допты қалқанға лақтыру кезінде жоғары секіріп ауада 2-3 сек.өзімізді ұстап қалқанды дәлдеп лақтыру қажет.
1-жаттығу Бір орнында тұрып допты қабылдап екі қадам жасап лақтыру. (оң және сол қаптал)
2-жаттығу Допты шығарып беріп алға жүгіріп қайта допты қабылдап 1-2 мәрте жерге ұрып екі қадам жасап лақтыру. (оң және сол қаптал)
3-жаттығу Кедергілер арасымен допты ұрып келіп екі қадам жасау арқылы лақтыру. (оң және сол қаптал)



Айып алаңынан үштік сызығынан себетке доп түсіріп дағдыланады.



Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
ҚБ

Ысқырық, секунд өлшегіш, конустар
Сілтеме:
https://youtu.be/TVTmXXs1gRQ



Сабақтың соңы 5 мин



Сабақты қорытындылау:Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет