Еділ: Ғасырлар, дәуірлер мен өтсін мейлі
Сендерді намыс үшін кекшіл дейді
Алысқан Отан үшін ардагерлер,
Сендерді өмір мәңгі көпсінбейді.
Бірге:Мәңгілік тірісіңдер,Тірісіңдер!.
Еділ: Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
«Біз Отанның ұланымыз» әні Қорытынды. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап жүргеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болайық
Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 45 бейімделген орта мектебі» КММ АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ Тақырыбы: Батыр ұл-қыздар ерлігі-ұрпакққа үлгі 5 «Г» сынып
Сынып жетекшісі: Сулейменова А.Д.
Өскемен 2019 жыл
Айым: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Әмина: Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Малика: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем -
декем.
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып, қатары сиреп қалған ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Аяулым: 1418 күнге созылған, 60 мемлекетті қамтыған,120 млн-ға жуық адамға солдат шинелін кигізген мұндай соғыс, адамзат тарихында болған емес.
Айғаным: Оған Қазақстаннан 1 миллион 366 мыңға жуық адам қатысса,оның 180 мыңы ШҚО, өкінішке орай оның 83 мыңына, туған жер топырағы бұйырмаған екен. 500-ге жуық Кеңес Одағының Батыры болса 109- ШҚО-дан.