5 «Г» сыныбы Ерлік сабағы
Сынып жетекшісі: Сулейменова А.Д.
Сабақтың тақырыбы: Батыр ұл-қыздар ерлігі-ұрпакққа үлгі.
«Мәңгілік полк» ( «Бессмертный полк»).
Сабақтың мақсаты: : Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.Өздерінің аталарын, бабаларының ерліктерін әңгімелей отырып, мақтаныш сезімдерін тудыру.
Сабақтың түрі: Ерлік сабағы
Сабақтың көрнекіліктері: Фотолар, георги ленталары, слайд-фильм, қалампыр гүлдері, мәңгілік алау, шыршалар, (шыршалармен аллея жасалған) «Мәңгілік полк» ,
Сабақтың барысы: Оқушылар әскери киінген.
«Мәңгілік оттың» күзетіне тұрғызу. Мәңгілік оттың күзетіне адым бас!
Еділ: -Ата, қатарға тұр. Қарашы, сенің адал қатарың қалай сиреген.
Амина: -Ата,қатарға тұр.10-15 жылдан соң, 9 мамырда сенің ұрпақтарың кімнің жүзін көреді?. Кіммен мақтанады? Алайда,
Сен қайтып қатарға тұрмайсың, мен оны білемін. Бірақ мен сенің –жалғасыңмын.
Еділ: -Мен сенің-ұрпағыңмын, Себебі мен сенен қалған естелікпін. Сен бастаған жақсы істерді жалғастырушымын.
Амина: Дед, вставай. Посмотри, как мало осталось твоих в этом честном ряду строю. Дед, вставай, через 10 годков что за лицы увидят мои дети 9 мая? Кем будут гордится? Ты не встаешь. Я знаю. Но я пронесу твою честь. Ведь я твоя кровь. Ведь я твоя память.
«Мәңгілік полк» деп жазылған банерді ұстап, аталарының портреттерін (штендер) көтеріп оқушылар кіреді. 2 жүргізуші аты-жөндерімен хабарлап тұрады. (барабанның даусы) Фотоларды орналастырып, гүл корзинасымен әкеліп қояды. 2оқушы алаудың алдында караулда тұрады. (почетный караул)
Еділ: Барлығымыз Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға, бүгінгі ерліктері дәріптелетін аталардың рухына арнап бір минут үнсіздік жариялаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |