Бөлім:
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Умирбекова А
|
Күні:
|
12.10.23 ж
|
Сынып: 3
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Батыр туса – ел ырысы . Батырлар жыры. Қобыланды батыр
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын сұрақ қойып анықтайды және сюжеттің дамуын болжай алады.
Көптеген оқушылар: шығармадан негізгі ойды білдіріп тұрған тірек сөздерді таба алады.
Кейбір оқушылар: елін, жерін қорғаған жергілікті жерден шыққан батырларды атай алады.
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ширату жаттығуларын жасату.
Өткен сабаққа шолу:
- Абайдың қарасөзін жатқа айт.
Оқу материалын жариялау
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жүреді:
-Қолдарыңдағы сурет туралы әңгімелеп беріңдер.
-Ненің суреті?
-Ол не үшін керек?
-Қандай ерекшелігі бар?
- Басқа қандай қару-жарақ атауларын білесіңдер?
-Ол қару-жарақты кімдер пайдаланған?
-Ертедегі қандай батырларды білесіңдер?
-Олар туралы қайдан оқыдыңдар?
-Қандай батырлар жырын атай аласыңдар?
- Ендеше бүгінгі сабақта Қобыланды батыр жайлы жыр оқитын боламыз.
|
Жаттығу жасайды.
Топқа бөлінеді.
Сұрақтарға жауап береді.
|
|
Ұлттық қару суреттері
|
Сабақтың ортасы
|
1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен жүзеге асырылады.
А) Батырлар жыры туралы түсініп оқы.
ә) Түсінгеніңді кестеге қысқаша түсір.
Б) «Қобыланды батыр» жырын түсініп оқы. Жырға сай дауыс ырғағын таңдап ал.
В) Сөздік жұмыс.
Қыпшақ – қазақ руларының бірі.
Қар (қары) – қолдың білектен жоғары тұсы.
Қарысты – бұл жерде: саусақтың иілмей, қозғалмай қалуы.
Сүңгі – найза түрі.
Тақым – адам санының тізеден жоғары ішкі жағы.
Шәрі-қала.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» биін билету.
2-тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
1-топ: Жырға және сұрақ-деректерге сүйеніп, суреттегі батырларды сипатта.
-Суреттегі батырлар кімдер?
- Олардың тұлпарларының аты.
- Киімдері.
- Қару-жарақтары.
2-топ: Елін, жерін қорғаған тағы қандай батырларды білесің?
3-топ: Мақал-мәтелдердің жалғасын тап. Тақырыбын анықта.
|
- Мәтінді, жырды оқиды.
- Батырлар жыры туралы кестені толтырады.
-Сөздікті жазып алады.
- Батырларды сипаттайды.
- Сөздердің арасына байланыс сызықтарын жүргізеді.
- Елін, жерін қорғаған батырларды атайды.
- Мақал-мәтелдердің жалғасын табады.
- Батырлардың жекпе- жегі туралы әңгімелейді.
|
Дескриптор:
- Мәтінді, жырды оқиды.
- Батырлар жыры туралы кестені толтырады.
-Сөздікті жазып алады.
Дескриптор:
- Батырларды сипаттайды.
- Сөздердің арасына байланыс сызықтарын жүргізеді.
- Елін, жерін қорғаған батырларды атайды.
- Мақал-мәтелдердің жалғасын табады.
- Батырлардың жекпе- жегі туралы әңгімелейді.
|
Оқулық,
оқулық
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия: «Менің сөзім» әдісі бойынша өтеді.
Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.
|
Сабаққа кері байланыс жасайды.
|
ҚБ қойылады.
|
|