Сабақтың тақырыбы Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»


Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі24,47 Kb.
#19461
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Қаз. әд 8-сын 3-тар 16-cаб ҚМЖ 1-нұсқа (1)

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., автордың ойынша ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы.

Алдыңғы білім

Роман мазмұнындағы құндылықтар жүйесін талдау, бағалау тәсілдерін үйренді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3

4-10


1.Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
2. Оқушылар алдыңғы сабақта талданған «Ұшқан ұя» романының мен үшін маңызы, жастар үшін маңызы, қоғам үшін маңызы деген сұрақтардың жауаптарын естеріне түсіріп, түйінді ойларымен бөліседі.

МД слайд

1-таратпа




Сабақтың ортасы

11-15


16-30


3. Жаңа сабақты меңгерту.

ЖЖ. «Сыртқы және ішкі шеңбер бойымен әңгімелеу» арқылы бірнеше сұрақтардың жауабын ортаға салып талқылайды.

1-сұрақ: Қалай ойлайсың, шығарма неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған?

2-сұрақ: «Ұшқан ұя» ұлағаты дегенді қалай түсінесің?

3-сұрақ: Отбасы өнегесінің бала тәрбиесіндегі орны қандай?



4. Ж. Оқушылар мына тақырып бойынша әдеби эссе жазады:

«Отбасы өнегесінің Бауыржанның тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы»

(90-100 сөз).

Дескриптор

- шығарманың маңызын түсінеді;

- сұрақтарға жауап береді;

-эссе тақырыбын түсінеді;

- әдеби эссе жазады.



Қабілеті жоғары оқушылар шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, ал қабілеті төмендеу оқушылар кейіпкерлер қарым-қатынасын баяндап жазады.

2-таратпа

3-таратпа


Сабақтың аяғы

31-37


38-40

5. Өзіңді-өзің тексер.

Менің жұмысым әдеби шығармаға негізделген бе?



Автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген бе?
6. Рефлексия «Сабақ нәтижесі бойынша комплимент айтқым келеді: сабаққа, сыныптасыма, жазушыға т.б.»

4-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет