Сабақтың тақырыбы: Бекіту. Судың адам өміріне қажеттілігі



Дата07.01.2022
өлшемі16,05 Kb.
#19265
түріСабақ

«Математика» пәні бойынша 3-сынып оқушысының 4-тоқсанға арналған

өзіндік жұмысының жоспары

132-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бекіту. Судың адам өміріне қажеттілігі

Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмінің жаңа түрін қолданасың
1.Өзектендіру

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

- Осы өлең жолдарын жазған ақынды білеміз бе?

- Ендеше оны табу үшін оқулықтағы 1-тапсырманы орындап, тауып көрейік. Өрнектердің мәнін өсу ретімен қойсаң, ақынның аты шығады.

360 : 3 = (М) 640 : 2 = (Х) 240 × 2 = (Ж)

390 : 3 = (А) 130 × 3 = (А) 110 ×5 = (А)

840 : 4 = (Р) 210 × 2 = (К) 220 ×3 = (Н)

660 : 3 = (И) 110 ×4 = (І) 430 × 2 = (О)

480 : 2 = (Я) 230 ×2 = (М) 220 ×4 = (В)

620 : 2 = (М) 110 ×9 = (А)

2. Амалдарды баған түрінде жазып, өрнектің мәнін тап.

220 × 2 – 880 : 8 = 330 860 : 2 – 930 : 3 = 120

990 : 3 + 120 × 4 = 810 640 : 2 + 220 × 2 = 760

3. Теңдеулерді шеш.

4 × Х = 787 – 347 654 – у = 310 × 2 240 + х = 340 × 2


4. Есепті шығар:

Алғашқы шыққан кіржуғыш мәшине 1рет кір жуу үшін 120 литр су жұмсады.Қазіргі мәшине 10рет кір жууға қанша литр су жұмсаса ,алғашқы мәшине 4рет кір жуу үшін сонша литр су жұмсады. Қазіргі кіржуғыш мәшине бір рет кір жуғанда неше литр су жұмсайды?


Кері байланыс:

Менің қолымнан келеді

Ия

жоқ

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдана аламын







Амалдарды баған түрінде жазып,өрнектің мәнін таба аламын







Күрделі теңдеулерді шеше аламын







Есептің шартын құрып , шығара аламын








Үйге: 8-бет №8 тапсырма

Дескриптор:

  1. Белгісіз санды табу арқылы көбейту және бөлу алгоритмін орындайды

Әзірлеуші: Жақашбаева Н.Т., Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.



Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет