Мақсаты: Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Көрнекілігі: Әріптер жазылған гүлдер, тақтаға ілінген сөздер:«Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір - шырағы», «Мектеп - кеме, білім - теңіз», «Мектебің мынау - класың, Осында он жыл тұрасың, Тарыдай боп кіресің, Таудай болып шығасың!». Сынып іші шарлармен, гүлдермен безендірілген.