Сабақтың тақырыбы: «Биохимия және тіршілік»қолданбалы курсы және оның міндеттері Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата03.11.2023
өлшемі101,16 Kb.
#121567
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1 сабақ 10 сынып қмж


Білім беру ұйымының атауы

«Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп»МКМ

Пәні:

Биохимия және тіршілік

Бөлім:

Кіріспе

Педагогтің аты-жөні:

Кенешова Анель Мейрамханқызы

Күні:

05.09.2023

Сынып: 10 «Ә»

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Биохимия және тіршілік»қолданбалы курсы және оның міндеттері



Сабақтың мақсаты

Оқушыларға биологиялық химия жайлы ұғым беру
а) Білімділік және тірі ағзалардың химиялық құрамы туралы
ұғымдарын кеңейту.
ә) Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын
жеткізе білуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік Тірі ағзаға, қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру



Сабақтың типі:

Білім мен іскерлікті игеру



Сабақтың барысы

Сабақ
тың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ
тың басы
5 минут

Сабақ
тың ортасы
25 минут

Сабақты қорыту
6минут
Қосымша тапсырма

Рефлек
сия


5 минут



Сабаққа дайындық жасау
Психологиялық ахуал Қызығушылығын ояту
«Жүрек жылуы» әдісі бойынша бір-біріне жылу сыйлауды ұсынады.

Мұғалім оқушылардан жазғы демалыстары туралы сұрайды




ІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту.
Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою.

  1. Биология ғылымы нені зерттейді?

  2. Тірі ағзалардың жасушасының химиялық құрамы неден тұрады?

  3. Органикалық заттарға нелер жатады?

  4. Қоректік элементтерге нелер жатады?

Биологияның басты ғылыми саласының бірі - биохимия. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасында және микроорганизмдерде синтезделетін тіршілік процестеріне аса қажетті түрлі заттардың ағзаға тигізетін әсерін жете білу әр адамның төл ісі. Себебі, соңғы уақытта адамдар арасында әртүрлі аурулар кең таралуда. Ал, ауру дегеніміз ағзада зат алмасу процесінен туатын өзгерістер. Біз «биохимия және тіршілік» курсын оқи отырып денсаулықты сақтау үшін қажетті, негізгі алғы шарттарды оқып үйренеміз. Биологиялық химия, немесе биохимия организмдердің химиялық құрамы мен химиялық айналыстарын яғни адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тіршілік ету процесі кезіндегі өзгерістерін зерттейтін ғылым. Осы айналыстардың жиынтығы биологиялық зат алмасуды құрайды, мұның негізінде материяның қозғалу түрлері жатады, оны біз өмір сүру немесе тіршілік ету деп танимыз.
Биологиялық химияның атауы гректің bios – тіршілік, өмір деген сөзінен шыққан. Демек, биологиялық химия - тіршілік химиясы деген мағынаны білдіреді. Ал тіршілік дегеніміз – адам үшін және бүкіл тірі ағза үшін ең басты, негізгі құбылыс. Сондықтан тіршілік химиясын зерттейтін ғылым өте қызық және сонымен қатар өте күрделі.
Биологиялық химия XIX ғасырдың ортасында қалыптаса бастады. Ал ХХ ғасырда іргетасы қаланған дербес ғылым ретінде тез дамып, орнықты. Зерттеу обьектісіне және бағытына байланысты қазіргі кезде биохимия бірнеше салаларға бөлінеді.

Тірі материяны зерттеу жолдарына байланысты үшке бөлінеді.


Статистикалық биохимия организмдердің химиялық құрамын зерттеумен айналысады. Динамикалық биохимия организмдегі химиялық қосылыстардың өзгерулері және олармен тіршілік процесіндегі энергия өзгерістерінің байланыстылығын зерттейді. Функцинальды биохимия - бір жағынан химиялық қосылыстар құрылысы мен олардың түр өзгеру процестері арасындағы байланыстарды, ал екіншіден құрамына осы заттар енетін субклеткалы бөліктер, арнайы клеткалар, ұлпалар немесе мүшелердің қызметін зерттейді.
Тірі ағзада химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Сондай реакциялар нәтижесінде қоректік заттардан клетканың құрам бөліктері түзіледі және ыдырап, бұзылып жатады. Қажетсіз өнімдер бөлініп сыртқа шығарылады. Мұндай құбылыс зат алмасу немесе метаболизм деп аталады.
Катаболизм және анаболизм - зат алмасудың екі көрінісі.
Барлық химиялық процестер кезінде энергия өзгеріске ұшырайды. Энергияның бөлініп шығуы клетканың ішінде көмірсулар, майлар және белоктар тотыққан кезде, ауадағы оттегінің қатысуымен жүзеге асады. Қоректік заттардың энергиясы арқасында барлық тірі ағзалар құрылымы ерекше тәртіп бойынша қалыпқа келген. Ағзаға сырттан энергияның келуі тоқтаған кезде қалыптасқан жүйеде ретсіздік басталады да, ол ақырында ағзаның өліміне әкеліп соқтырады.
Сондықтан тірі ағза жүйесінде үздіксіз энергия қоршаған ортадан қоректік заттар арқылы келіп тұруы қажет.
Биохимия ғылымы - цитология, биофизика, органикалық химия, молекулалық биология, биотехнология, генетика, микробиология, өсімдіктер және жануарлар физиологиясымен тығыз байланысты. Биохимияны білу арқылы басқа арнаулы пәндерді жете меңгеруге болады. Сөйтіп, биологиялық химия - тірі материяны түзуші, тіршілік процестеріндегі қосылыстардың сапалық құрамы, сандық мөлшері мен қайта құрылуы туралы ғылым.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет