(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Сабаққа кіріспе
(Ұ) «Серпілген сауал»әдісін пайдалана отырып, оқушылардан өткен тақырыпты сұрап, үйге берілген тапсырманы тексеремін.
Сұрақтарға жауап бере отырып, ереже айтып, үй тапсырмасын талдайды.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар, жеке жұмыс жасауға дағдыландырылады.