КММ «Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебі» математика пәнінің мұғалімі Молдағалиева Мөлдір Асқарқызына Сабақты бақылаушының пікірі
Сабақтың тақырыбы:«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»
Мерзімі: 10.02.2023жыл
Сыныбы: 6
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаттары: сабақ жоспары мақсатқа сай құрылған.Сабақтың мазмұны оқу мақсаттарына сәйкес келеді.Педагог білім алушыларды сабақ мақсаттарын және күтілетін нәтижелерді қоюға тарта білді. Білім алушылардың қажеттіліктерін ескереді.
Бағалау: Формативті бағалау арқылы білім алушылардың оқу мақсаттарына қатысты қызметінің нәтижесін бақылайды, жетістіктерін атап өтеді. Білім алушыларды бағалау процесіне тартады: өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
Сыныптағы тәртіп пен тәртіп ережелері: Сыныпта тәртіп пен тәртіп ережелерін белгілейді. Білім алушыларға сыныпта оқу кеңістігін қамтамасыз етеді.
Алдын ала білім: Оқушылармен өткен материалды қайталады.
Жаңа материалды зерттеу: Білім алушылардың назарын оқу материалының маңызды сегменттеріне аудара отырып, маңызды ақпаратты айқындайды. Жаңа материалды игеруге ықпал ету мақсатында сабақта жұмыстың әртүрлі формаларын қолданады: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке. Материалдың мазмұны бойынша рефлексия жүргізді.
Жаңа білімді практикада қолдану: Білім алушыларға олардың дағдыларын дамыту және практикалық қолдану үшін белсенді тапсырмалар берілді. Оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызығушылығы мен қатысуын қолдау үшін жұмыстың әртүрлі түрлері мен формаларын қолданды.
Тұлғаға бағытталған тәсілді қолданды.
Сараланған тәсіл: Оқу мақсаттарына қол жеткізу бойынша барлық білім алушыларға қолдау көрсетті. Үлгерімі төмен білім алушыларды тартады.
АКТ және ресурстарды пайдалану: білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін дайын цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланды.
Кері байланыс және ұсынымдар:Материалдың оқушыға түсінікті болуын,мысалдардың тақырыпқа сай болуын,тапсырмалардың жүйелілігін жоспарлап отырды.Оқушылар өз деңгейіндегі барлық тапсырмаларды орындап,сабаққа белсене қатысты.АКТ әдісін қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды.
Математика пәнінің мұғалімі: Қасымова Ж.А. ____________(қолы)