1914 жылы 28 маусым күні Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында Австро-Венгрия тағының мұрагері Франц Фердинанд пен оның зайыбы қастандықпен өлтірілді Бұл оқиға Австро-Венгрия мен Сербияның қарым-қатынасын шиеленістіріп, кезекті Балқан дағдарысына апарды;
1914жылы 23 шілде күні Автро-Венгрия (Германияның соғысқа итермелеуімен ) Сербияға ультиматум жолдап, 28 шілдеде оған соғыс жариялады. Сербия Ресейден көмек сұрады. Ресей дереу жұмылдыру жұмысын бастады;
1916жылы 4 маусымда Шығыста Ресей армиясының Оңтүстік-батыс майдандағы жаңа шабуылыбасталды
Гинденбург жоспары
1916жылы 29 тамызда Германия әскері басшылығына фельдмаршал фон Гинденбург келді;
1917жылы соғыстың жаңа жоспары жасалды (Ол бойынша барлық майдандағы шабуылдардың бірдей жүргізілуі тоқтатылуы тиіс болды және майдан шептері қысқартылуы керек болды. 16-60 жас аралығындағы ер адамдар әскерге шақырылатын болды);
1917 жылдан бастап Германия соғысушы мемлекеттермен қатар, бейтарап елдердің сауда және жолаушы кемелерін суға батыратындығын жариялады;
Германия Шығыс майданнан Батыс майданға бар күшін әкелді. 1918жылы наурызда Германия шабуылға шықты. Шілдеде соңғы шабуылы да нәтиже бермеді. Антантаның күші керісінше арта берді.АҚШ әскерінің Европаға келіп жетуі француз армиясының 18 шілдеде Марна түбінде жаңа шабуылға шығуына мүмкіндік берді. 8 тамыз айында Антанта әскерлері (француз Фоштың басшылығымен) Аррас аймағындағы неміс майданын бұзып өтіп, Батыс майдан, Балқан және Таяу Шығыста жалпы шабуылын бастады.Олар бір күннің ішінде немістің 16 дивизиясын құртып жіберген. Ол туралы неміс генерал Людендорф «герман армиясының д/ж соғыс тарихындағы ең қаралы күні болды » деп жазады.
1918жылы 28 қыркүйекте Салоника майданында толық талқандалған Болгария бітім туралы келісімге қол қойды;
Қазан айында Туркия тізе бүкті;
Австро-Венгрия бөлшектенді;
Чехословакия, Венгрия, кейін Югославия құрылды.Австро-Венгрия Антантамен 1918жылы 3 қарашада бітімге қол қойды.
1918жылы 11 қарашада Гремания Компьен орманында генерал Фоштың штабында бітімге қол қойды. Бірінші д/ж соғыс аяқталды.