Сабақтың тақырыбы: Біртүрлі мамандықтар Оқу мақсаттары



бет3/4
Дата11.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#137642
түріСабақ
1   2   3   4
Өзіңізді тексеріңіз.
Киім тігіп үйренуде қай жерден, қай аймақтан екенің маңызды емес. Киімді нақты бір адамға өлшеп-пішіп тік. Әр адамның дене бітіміне қарай, жарасымды әрі сәнді етіп тігу – басты талап. Қандай да бір үлгіні ойластырған уақытта оны қандай матадан, қай түстен тігетініңді де ойластырып қой. Мүмкіндігінше, кәсіби білім алған жөн.
Жер – жерлес, жер үй, жертөле


Перифраз – құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыра суреттеу тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық, көркемдік ерекшелігін ашады.
Мысалы: Алтын дән аялаған кең алқапта,
Жер кемесі – комбайн гүрілдейді.


3-тапсырма.
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.
Олар заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы болмайды.
«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды.Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына сай жұмыс таба алмайды.
– Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны ойламайды.Жылда жоғары білім алған жастардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын.


Сұрақтарға жауап беріңіз.
Неге түлектер қажетті кәсіп түрлерінен хабарсыз?
Бұл проблема қалай шешімін таппақ?
Неге ЖОО-нын бітірген жастардың жұмыс жасауға ниеті жоқ?


Дескриптор:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет