Сабақтың басы
8 мин
10 мин
17 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
Олқылықпен жұмыс
1. Күшті қандай әріппен белгілейміз?
2. Күштің өлшем бірлігі
3. Ньютонның І заңын тұжырымдаңыз және мысал келтіріңіз.
4. Ньютонның ІІ заңын тұжырымдаңыз және мысал келтіріңіз.
5. Ньютонның ІІІ заңын тұжырымдаңыз және мысал келтіріңіз.
6. Табиғатта қандай күштер бар?
Миға шабуыл (Басына алма ағашынан алма құлап түскен Ньютон)
Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндіреді.
Есептер шығару:
1. Әрқайсысының массасы 10000 т, бір-бірінен 100 м арақашықтықта орналасқан екі кеменің тартылыс күшін анықтаңда.
2. Массалары 1000 кг екі дене арасы қандай болғанда әсерлесу күші 6,67*10-9 Н-ға тең болады?
3. Жер бетінен 600 км арақашықтықта орналасқан массасы 1кг денеге әсер ететін күшті анықтаңдар. Жердің радиусы 6400 км, массасы 6·1024 кг. ЖауаптыХБЖда, ондыққа дейін дөңгелектеңдер.
Мотивациясы жоғары оқушыларға арналған тапсырмалар.
1. Шолпанның орташа тығыздығы 5200кг/м3 ,ал планетаның радиусы 6100км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін анықтаңдар.
2. Марстың радиусы Жер радиусының 0,53 бөлігін, ал массасы жер массасының 0,11 бөлігін құрайды. Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі белгілі. Марстағы еркін түсу үдеуін анықтаңдар.
|
Презентациядағы сұрақтарға жауап береді.
Есептер шығарады
|
Дескриптор
1-есеп.
- массаны ХБЖ-да өрнектейді;
- Бүкіләлемдік тартылыс заңын жазады;
- шамалардың мәндерін қойып есептейді
2-есеп.
- Бүкіләлемдік тартылыс заңы формуласын түрлендіріп R арақашықтықты табады.
- шамалардың мәндерін қойып есептейді
3-есеп.
- жер мен дененің арақашықтығын ескере отырып Бүкіләлемдік тартылыс заңы формуласын жазады.
-шамаларды қойып есептеулер жүргізеді.
Дескриптор
1-есеп.
- Шолпан сфера ретінде қарастырып, оның көлемін табады;
- шолпанның массасын есептейді
- шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін анықтайды.
2- есеп.
- жердегі еркін түсу үдеуін табатын формуланы жазады
-марстағы еркін түсу үдеуін табатын формуланы жазады;
-Марстың радиусы мен Массасын Жер радиусы мен массасы арқылы өрнектейді
-өрнектерді теңестіріп еркін түсу үдеуін табады
|
Презентаия
Карточкалар
карточкалар
|