Сабақтың тақырыбы: Бүкiл әлемдiк тартылыс заңы Бөлімі: Динамика негіздері



Дата06.12.2022
өлшемі22,12 Kb.
#55116
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ Бүкіләлемдік тартылыс


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Бүкiл әлемдiк тартылыс заңы

Бөлімі:

Динамика негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Шайзада Б.

Күні:

2.12.22

Сыныбы: 9ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бүкiл әлемдiк тартылыс заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.2.6 Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Ньютонның үшінші заңына мысалдар келтіре алады, оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Көптеген оқушылар істей алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Кейбір оқушылар істей алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
8 мин

10 мин
17 мин





Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
Олқылықпен жұмыс
1. Күшті қандай әріппен белгілейміз?
2. Күштің өлшем бірлігі
3. Ньютонның І заңын тұжырымдаңыз және мысал келтіріңіз.
4. Ньютонның ІІ заңын тұжырымдаңыз және мысал келтіріңіз.
5. Ньютонның ІІІ заңын тұжырымдаңыз және мысал келтіріңіз.
6. Табиғатта қандай күштер бар?


Миға шабуыл (Басына алма ағашынан алма құлап түскен Ньютон)
Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндіреді.
Есептер шығару:
1. Әрқайсысының ­массасы­ 10­000 ­т,­ бір­-бірінен­ 100­ м арақашықтықта орналасқан ­екі ­кеменің­ тартылыс­ күшін ­анықтаңда.
2. Массалары 1000 кг екі дене арасы қандай болғанда әсерлесу күші 6,67*10-9 Н-ға тең болады?
3. Жер­ бетінен­ 600 ­км­ арақашықтықта ­орналасқан­ массасы­ 1­кг ­денеге әсер­ ететін­ күшті­ анықтаңдар.­ Жердің­ радиусы­ 6400­ км,­ массасы 6­·­1024 ­­кг. ­Жауапты­ХБЖ­да,­ ондыққа­ дейін дөңгелектеңдер.

Мотивациясы жоғары оқушыларға арналған тапсырмалар.
1. Шолпанның­ орташа­ тығыздығы ­5200­кг/м3 ,­ал планетаның­ радиусы 6100­км. ­Шолпан ­бетіндегі ­еркін түсу ­үдеуін ­анықтаңдар.
2. Марстың­ радиусы ­Жер­ радиусының­ 0,53­ бөлігін,­ ал­ массасы­ жер массасының­ 0,11­ бөлігін­ құрайды.­ Жер­ бетіндегі­ еркін­ түсу­ үдеуі белгілі.­ Марстағы­ еркін­ түсу үдеуін ­анықтаңдар.

Презентациядағы сұрақтарға жауап береді.

Есептер шығарады


Дескриптор


1-есеп.
- массаны ХБЖ-да өрнектейді;
- Бүкіләлемдік тартылыс заңын жазады;
- шамалардың мәндерін қойып есептейді
2-есеп.
- Бүкіләлемдік тартылыс заңы формуласын түрлендіріп R арақашықтықты табады.
- шамалардың мәндерін қойып есептейді
3-есеп.
- жер мен дененің арақашықтығын ескере отырып Бүкіләлемдік тартылыс заңы формуласын жазады.
-шамаларды қойып есептеулер жүргізеді.

Дескриптор
1-есеп.
- Шолпан сфера ретінде қарастырып, оның көлемін табады;
- шолпанның массасын есептейді
- шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін анықтайды.
2- есеп.
- жердегі еркін түсу үдеуін табатын формуланы жазады
-марстағы еркін түсу үдеуін табатын формуланы жазады;
-Марстың радиусы мен Массасын Жер радиусы мен массасы арқылы өрнектейді
-өрнектерді теңестіріп еркін түсу үдеуін табады

Презентаия

Карточкалар

карточкалар



5 мин

Топтық жұмыс
Тест тапсырмалары қатарлар беріледі

Оқушылар топпен орындайды.

Жауаптары тақтадан көрсетіледі. Оқушылар өздерін -өздері бағалайды.

карточкалар

5 мин

Үй жұмысы: 17- жаттығу 1-есеп
Рефлексия:
Үш «Қ»
Қиын
Қызық
Қажет











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет