Сабақ басында мұғалім мен оқушылар амандасады.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Жағымды психологиялық ахуал тудыру.
«Тілек айту шеңбері» стратегиясы. Оқушылар бәріне Ж әрпінен басталатын сөзіне тілек айтады.
Қима қағаздар арқылы үш топқа бөлу. 1-ші топ «Пайыз», 2-ші топ «Жай бөлшектер», 3-топ «Ондық бөлшектер».
Бағалау парақтарын үлестіру.
Үй тапсырмасын тексеру:«Мен саған , сен маған»әдісі арқылы тексеремін
Сабақ басында мұғалім мен оқушылар амандасады.
Шеңберге тұрып оқушылар бәріне Ж әрпінен басталатын сөзіне тілек айтады.
Слайд бетіндегі дұрыс жауап бойынша бір-бірін тексереді
Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл»әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
Бір пайыз деп нені айтады?
Берілген санның 1%-і қалай табылады?
Пайыз бөлшекпен қалай жазылады?
Бөлшек пайызбен қалай жазылады?
Берілген санның пайызы қалай табылады?
Пайызы бойынша сан қалай табылады?
Жеке жұмыс:
№1144 .
1) Фермер 72 га жерге алма ағаштарын отырғызды.Бұл оның барлық жерінің 40%-і.Фермердің барлық жерінің ауданы неше гектар?
2) Мектеп кітапханасында 2890 оқулық бар.Бұл ондағы барлық кітаптің 85%-і. Мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар?
3)Сыныпта 12 қыз бар.Бұл -сыныптағы барлық оқушылардың 40%- і.Сыныпта неше оқушы оқиды?