Сабақтың тақырыбы: Центрлік және осьтік симметриялар Мұғалімнің аты-жөні: Тастанова С



Дата07.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#19922
түріСабақ
Байланысты:
0002d1b4-000c6cec


«Тексерілді»

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:.......................


Сабақтың тақырыбы: Центрлік және осьтік симметриялар

Мұғалімнің аты-жөні: Тастанова С

Күні: 18.11.2016ж

СЫНЫП: 9

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Центрлік және осьтік симметрия ұғымдарын табиғаттан мысалдар келтіру арқылы көрнекілік деңгейде көрсете отырып түсіндіру және бұл ұғымдардың математикалық анықтамасын беріп, олардың қасиеттерін есептер шығару барысында қолдана білу біліктіліктері мен бейімділіктерін қалыптастыру.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

3-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы орындай алады:

центрлік және осьтік симметриялар ұғымы жайлы біледі



2-деңгей

(қолдану, талдау):



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

центрлік және осьтік симметриялар ұғымымен танысады және фигураларды түрлендіру тәсілін анықтауды біледі



1-деңгей

(жинақтау, бағалау):



Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:

центрлік және осьтік симметриялар ұғымымен танысып ,фигураларды түрлендіру тәсілі арқылы есептер шығара алады



Тілдік мақсат:

Центр,осьтік, симметрия

Ресурстар:

Слайдтар, геометриялық макеттер, сызба плакаттар т.б.

Пәнаралық байланыс:

Сызу, алгебра , жаратылыстану

Алдыңғы оқу:

Координата әдісінің кейбір қолданулары

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3 минут

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
Оқу – құралдарын тексеру;
Назарларын сабаққа аудару.Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.Топтастыру.




ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

«Серпілген сауал» - әдісі арқылы

Екі вектордың скаляр көбейтіндісі – деп нені айтады?

№ 205 (2).


1,2,3 баллдық жүйемен

2-деңгей

(қолдану, талдау):



Векторлардың скалярлық көбейтіндісі сан бола ма,әлде вектор бола ма? № 205 (4)




3-деңгей

(жинақтау, бағалау):



Тік бұрышты координаталар жүйесінде вектордың координаталары – деп нені айтады?

№ 206





ЖАҢА САБАҚ

  1. инут


«Джигсо» -әдісі арқылы

1-топ:


Центрлік симметрия

42-сурет бойынша оқушыларға кітаптан оқыта отырып, түсіндіру.



1-тапсырма. Оқушылар F фигурасына О нүктесіне қатысты симметриялы F' фигурасын салады.

2-топ:


2 тапсырма.



  1. Суреттегі симметриялы нүктелерді ата.

  2. Симметрия центрін көрсет.

Теорема 1. Центрлік симметрия сәйкес нүктелердің арақашықтығын өзгертпейді.

2 Осьтік симметрия



Оқулықтағы 47 сурет бойынша оқушылармен бірлесе отырып, осьтік симметрия ұғымымен танысу.

3-топ


3-тапсырма.

Оқушылар F фигурасына О нүктесіне қатысты симметриялы F' фигурасын салады



Мұғалім:4-тапсырма.



Берілген фигуралардың центрлік, осьтік симметриялы фигураларды көрсет және өз сөзінді дәлелде.

1-топ:№246, 2-топ: № 247, 3-топ: №247



F фигурасын, оның әрбәр Х нүктесі берілген О нүктесіне қарағанда симметриялы Х ¹ нүктесіне көшетіндей F¹ фигурасына түрлендіру О нүктесіне қарағандағы симметриялы фигуралар деп аталады. Сонда F пен F¹ фигуралары О нүктесіне қарағанда симметриялы фигуралар деп аталады.

Жазықтықтың А нүктесі l түзуіне қатысты симметриялы Аэ нүктесіне бейнеленсе, онда мұндай түрлендіру жазықтықты l түзуіне қатысты симметриялы түрлендіру немесе осьтік симметрия деп, ал түзу – симметрия осі.

Теорема: Түзуге қатысты симметрия қозғалыс болады.Теорема: Бұру қозғалыс болып табылады.


1,2,3 баллдық жүйемен

САБАҚТЫ БЕКІТУ

15 минут

3-деңгей (білу, түсіну):

«Кубизм»-әдісі арқылы.

Центрлік симметрияның қандай қасиеттерін білесіңдер?



1 балл

2-деңгей

(қолдану, талдау):



Егер координаталар бас нүктесі симметрия центрі болса, онда центрлік симметрия қалай анықталады?

2 балл

1-деңгей

(жинақтау, бағалау):



F фигурасына О нүктесіне қатысты симметриялы  F фигурасын салып дәлелдеу

3 балл

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

5 минут

3-деңгей (білу, түсіну):

№ 253 (1). Анықтамаларды жаттау







2-деңгей

(қолдану, талдау):



№ 253 (2) анықтамаларды жаттап, теоремаларды дәлелдеу




1-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

№ 253 (3) анықтамаларды жаттап, теоремаларды дәлелдеу.Қосымша есептер шығарып келу




БАҒАЛАУ


топ арасында топбасшы бағалау, кері әсер парағы

9-10 балл «5», 7-8 балл «4», 4-7 балл «3»






КЕРІ БАЙЛАНЫС


БББ-кестесі






Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?





Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?




Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?






Тәлімгер:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет