6-сынып БЖБ №7 Бөлім: Координаталық жазықтық
Тақырыптар: Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі Центрлік симметрия. Осьтік симметрия
Оқу мақсаттары ; 6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу
6.3.1.6 осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату
6.3.1.4координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу
6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу
Бағалау критерийлері:
Параллель және перпендикуляр түзулердің анықтамаларын қолданады
- Координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану .Жоғары ойлау дағдылары
Тапсырма 1
а түзуін салыңдар. а түзуінде жатпайтын А нүктесі арқылы
а) а түзуіне параллель болатын b түзуін
b) а түзуіне перпендикуляр с түзуін түргізіңдер [2 ]
Тапсырма 2. Төмендегі берілген суреттердің ішінен табыңдар
a) центрлік симметриясы да , осьтік симметриясы да бар;
b) осьтік симметриясы бар, бірақ центрлік симметриясы жоқ;
c) центрлік және осьтік симметриясы жоқ [3]
Тапсырма 3
Берілген нүктелерді координаталық жазықтықта белгілеңдер: А(-6;4), В(-4;0), С(3; 1), Д(-2;-4), Е (4;-4)
АВ кесіндісінің ордината осімен қиылысу нүктесін;
АС кесіндісінің абсцисса осімен қиылысу нүктесін;
ВЕ және СД кесінділерінің қиылысу нүктесінің координатасын
АД және ВС кесінділерінің қиылысу нүктесінің координатасын табыңдар [6]
Тапсырма №4 О(-5;6), Т(2; -8), М(3; 6) нүктелері берілген. Салуды орындамай ақ табыңдар:
а) Абсцисса осіне қатысты симметриялы А нүктесінің координатасын:,
б) Ордината осіне қатысты симметриялы В нүктесінің координатасын;
в) координаталыр басына қатысты Т нүктесінің координатасын .
2-нұсқа
1-тапсырма: b түзуін салыңдар. b түзуде жатпайтын В нүктесі арқылы
а) b түзуіне параллель болатын а түзуін
b) b түзуіне перпендикуляр с түзуін түргізіңдер [2 ]
Тапсырма 2. Төмендегі берілген суреттердің ішінен табыңдар
a) центрлік симметриясы да , осьтік симметриясы да бар;
b) осьтік симметриясы бар, бірақ центрлік симметриясы жоқ;
c) центрлік және осьтік симметриясы жоқ [3]
Тапсырма 3
Берілген нүктелерді координаталық жазықтықта белгілеңдер: А(-1;1), В(1;-4), С(-3; -2), Д(7;0), Е (3;-6)
АВ кесіндісінің ордината осімен қиылысу нүктесін;
АС кесіндісінің абсцисса осімен қиылысу нүктесін;
ВЕ және СД кесінділерінің қиылысу нүктесінің координатасын
АД және ВС кесінділерінің қиылысу нүктесінің координатасын табыңдар [6]
Тапсырма №4
О(-8;-7), Т(4; -5), М(3,5; 6,5). Салуды орындамай ақ табыңдар:
а) Абсцисса осіне қатысты симметриялы А нүктесінің координатасын:,
б) Ордината осіне қатысты симметриялы В нүктесінің координатасын;
в) координаталыр басына қатысты Т нүктесінің координатасын
Бағалау критерийлері
Тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Параллель және перпендикуляр түзулердің анықтамаларын қолданады
1
Берілген түзуге параллель түзуді жүргізеді
1
Берілген түзуге перпендикуляр түзуді жүргізеді
1
Осьтік симметриялы және центрлік симметриялы фигураларды ажыратады