Сабақтың тақырыбы: Цифрлық Қазақыстан мемлекеттік бағдарламасы. Цифрландырудың жаһандық трендері және халықаралық тәжірибе



бет2/3
Дата01.10.2024
өлшемі31,56 Kb.
#146384
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1-апта 01.10.2024ж ЕТ 24-2

Әзірлеу үшін негіз:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган:
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар:
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері
Бағдарламаның мақсаты:
Орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру:
2. Көлікті және логистиканы цифрландыру.
3. Ауыл шаруашылығын цифрландыру.
4. Электрондық сауданы дамыту.
5. Қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту.
6. Мемлекет – азаматтарға.
7. Мемлекет – бизнеске.
8. Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру.
9. "Ақылды" қалалар.
10. Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту.
11. АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
12. Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру.
13. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау).
14. Инновациялық даму алаңдарын қолдау.
15. Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ-ны дамыту.
16. "Венчурлік" қаржыландыруды тарту.
17. Инновацияға сұраныс қалыптастыру.
Іске асыру мерзімі:
2018-2022 жылдар
Нысаналы индикаторлар:
2022 жылы "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру" секциясы бойынша еңбек өнімділігінің өсуі" – 38,9%.
2022 жылы "Көлік және қоймалау" секциясы бойынша еңбек өнімділігінің өсуі – 21,2%.
"2022 жылы "Ауыл, орман және балық шаруашылығы" секциясы бойынша еңбек өнімділігінің өсуі – 82,0%.
2022 жылы "Өңдеу өнеркәсібі" секциясы бойынша еңбек өнімділігінің өсуі – 49,8%.
2022 жылы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі – 2,6%.
2022 жылы цифрландыру есебінен құрылған жұмыс орындарының өсуі - 300 мың адам.
2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінен электрондық түрде алынған мемлекеттік қызметтердің үлесі – 80%.
2022 жылы интернет желісін пайдаланушылардың үлесі – 82,3%.
2022 жылы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі – 83%.
2022 жылы ДЭФ ЖБИ рейтингінде "Инновациялық компаниялардың өсуі" индикаторы бойынша жақсару – 104 орын.
2022 жылы стартаптарға тартылған инвестициялар көлемі – 67 млрд.теңге.
2022 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту индексі – 30 орын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет