Сабақтың кезеңдері: оқу іс әрекетіне мотивация, оқу міндеттерінің қойылуы, үй жұмысын тексеру, практикалық жұмыс, қорытындылау, үй жұмысын түсіндіру, рефлексия.
Сабақта қолданылатын әдістер:
Жалпы сұрақ жауап
Жеке ақпараттар
Топтық жұмыс
Практикалық жұмыс
Тақта жанындағы жеке жұмыс
Сабақта қолданылатын технологиялар: ИКТ, Караевтің технологиясы, проблемалық эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі.
Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және конус көлемі.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың өткен сабақта алынған цилиндр және конус көлемі бойынша білімдерін тереңдете түсу, күнделікті қолданатын заттармен байланыстыру.
дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикалық ойлау қаблеттерін есеп шығару арқылы дамыту. Есту, көру қабілеттерін арттыру.
тәрбиелік: шығармашылыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, ұйымдастырушылыққа тәрбиелеу. Пәнге деген сүйспеншілікті өмірге байланысты есептер шығару арқылы арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес практикалық сабақ.
Көрнекілік: формулалар жазылған плакаттар, модельдер, тақта, бор, краска банкасымен, тамат пастасы.
«Табиғат математика тілімен сөйлейді. Бул тілдің әріптері — дөңгелектер, ұшбурыштар және басқа математикалық фигуралар»
Г. Галилей
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезең: сабаққа дайындығын және тізімін тексеру. Топ оқушыларын үш топқа бөліп отырғызып, топ басшыларын сайлаймыз.
Оқытушының сөзі: мен бүгінгі сабағымды Г. Галилейдің сөзімен бастағым келеді: «Табиғат математика тілімен сөйлейді. Бул тілдің әріптері — дөңгелектер, ұшбурыштар және басқа математикалық фигуралар» расындада біздің айналадағы қоршаған ортамыз бүл геометриялық фигураларға тәріздес. Өткен сабақта біз цилиндр конус көлемін қарстырдық сонда біз осы фигуралар кандай күнделікте қолданылатын заттарға ұқсайтынын атап өтсек, бүгін біз осы тақрапты жалғастыра отырып сол заттардың көлемін, салмағын анықтаймыз. Сонымен оқушылар бүгін бізде практикалық сабақ және тақырыбы «Цилиндр және конус көлемі». (слайд 1-5)
Достарыңызбен бөлісу: |