II Үй жұмысын тексеру: Өткен сабақта үй жүмысына: № 666 (б), №701 (ә) және формулаларды жаттау тапсырмасы берілді.
1. Үй жүмысын тексеруде әр топ басшылары оз тобының дәптерінен есеп бар жоқ екенін тексереді және топтан бір оқушы шығаружолын түсіндіреді.
2. Тақтада үш дене бейнесі берілген: конус, қиық конус және цилиндр. Үш топтан бір оқушыдан тақтаға шығып таңдаған денелердің көлем формулаларын жазу керек.
3. Қалған оқушылар «қатесін тап» тапсырма. Онда конус, цилиндр және қиық конус көлемдері жазылған қатесін тауып қызыл түсті қаламмен дұрыстау керек. (проблемалық эвристикалық әдіс қолданылды) (слайд 2)
«Қатесін тап»
V=SбүйHh
ᄃ III Практикалық жұмыс: (Караевтің технологиясы колданылады)
Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше түрде өтеді, яғни бір топ тапсырыс беруші компаниясы, ал екі топ мердігерболып бөлінеді. Біреуі «Цилиндр», екіншісі «Конус». Сіздер білесіздер қазіргі заманда бір құрылысты салу үшін тендерге қатысып жеңіп алу керек. Сонда ғана осы өндіріс өркендейді.
Тендер (tend ағылшынша - қызмет көрсету) –
1 ) ашық (ашық тендер ) түрдiң бәсекелестiк саудалары немесе жабулы, қатысушылардың шектелген саны, тапсырыстың орналастыруын конкурстық форма;
2 ) халықаралық жарыста тапсырыс алу құқығы.
(Слайд 2)
Бүгін бізде екі мердігер компаниясы есеп шығару арқылы өздерінің күшін дәлелдейді, ал тапсырыс беруші компаниясы оларды тексеріп жеңімпазын анықтайды.
Тапсырмалар үш кезеңнен тұрады:
«Жолдама алу» онлайн калькулятор арқылы денелердің көлемін табу керек. Яғни, онлайн калькулятор арқылы конус, цилиндр, қиық конус көлемдерін табу керек және өзгерістерді бақылау. (ИКТ техноголиясы колданылады)
«Хабарлама беру» Бұл кезеңде өндіріскомпаниялары өздері тұралы мәлімет береді яғни есеп шығару арқылы. Есеп шығарғанан кейін бақылау компаниясына тексеруге береді және шығару жолын дәлелдейді.
«Сараптамадан өту». Бұл кезеңде өндіріскомпаниялары өндіріске байланысты есеп шығару арқылы сараптамадан өтеді. Осы кезеңде күнделікті қолданылатын заттармен жұмыс үстейді. Есеп шығарғанан кейін бақылау компаниясына тексеруге береді және шығару жолын дәлелдейді. (зерттеу әдісі қолданылады)
Бірінші кезең:«Жолдама алу» жергілікті желі арқылы денелердің көлемін табу керек. Яғни, онлайн калькулятор арқылы конус, цилиндр, қиық конус көлемдерін табу керек және салыстыру. (ИКТ техноголиясы колданылады)
1 Есеп: h= 5см,диаметрі 54см,69см,300см болатын цилиндрдің көлемдерін табыңдар және салыстырыңдар. (Жауабы: 1350π см3, 1725πсм3, 7500πсм3)
2 Есеп:r= 5м,биіктігі 56м, 48м, 204м болатын конус көлемін табыңдар және салыстырыңдар.(Жауабы: 466,6π м2, 1256.6м2, 5340.7м2)
3 Есеп: h= 25см, r =78см, 250см, жәнеr1 =520см, 64см, болатын қиық конустың көлемдерін табыңдар.(Жауабы: 8300192.5см2, 2162358.2 см2)
Екінші кезең:«Хабарлама беру». Бул кезеңде өндіріс компаниялары өздері тұралы мәлімет береді яғни есеп шығару арқылы. Есеп шығарғанан кейін бақылау компаниясына тексеруге береді және шығару жолын дәлелдейді.