Сыныппен жұмыс: Тапсырма: Аталған құндылықтарды маңыздылығына қарай іріктеп, креативті матрицаға орналастырайық. Сіздердің таңдауларыңыз және жауаптарыңыз бойынша матрицаны мен толтырып тұратын боламын . Еркін микрофон тәсілімен матрицаға қажетті ақпараттарды кезекпен атайсыздар және сынып келісу не келіспейтіндіктеріңізді білдіріп белгі беріп отырамыз. 24 ұяшық болғандықтан, әрбір оқушының бір жауап айту мүмкіндігі бар.
Дайындап кою6 Матрицага ким озгерис кундылык гана жазу керек еди
Тапсырма бойынша 1ұпайдан ала аласыз. Матрица толтыру тез ойлау мен белсенділікті қажет етеді, дегенмен сыныптағы әр оқушының жауап беру құқығы барын ұмытпайық. Екінші рет жауап берсеңіз де тапсырма бойынша бір ұпай ғана аласыздар.
Матрица толтыруда ақпараттарды даралауға немесе жинақтық мағынада ұсынуға болады. Яғни даралап кейіпкерді не құндылықты затты атасаңыздар болады: Тимур, мейірім дегендей немесе үлкендер, ұлттық деп жинақтап айтсаңыздар да болады. Бастысы ақпараттарды маңыздылығына қарай іріктеңіздер
Бірінші жол бойынша толтырайық.
Аталған құндылықтар кімдерге қатысты?
Екінші жолға не сұрағына жауап беретін шығармадағы автор деталь ретінде ұсынған затты немесе белгілі бір ұғымдарды жазасыздар.
Қандай құндылықтар туралы сөз қозғалды?