Сынып 9
Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі.Жаңа химиялық элементтер ашылуы туралы мәліметтер.
.
Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру Жаңа сабақты қабылдауға ынталандыру
Химиялық элементтердің жіктелуі ,олардың ұқсас топтарын атап,сипаттама беріңіздер:
Химиялық элементтер
Металдар Бейметалдар
Созылғыш,серпімді,металдық әртүрлі агрегаттық күйде болады
жылтыры бар,электр тогы мен түсі,қасиеттері әртүрлі
ж ылуды жақсы өткізеді
металдар негіздік оксид СаО қышқылдық оксид
+ Н2О
сумен әрекеттесіп сумен әрекеттесіп
негіз түзеді Са(ОН)2 қышқыл түзеді
екідайлы элементтер
берилий,мырыш, алюминий
Реакция теңдеулерін аяқтаңыздар: Ве+2HCI= ...+H2
...+ 2KOH = K2ВеO2 +H2
... +2HCI= ZnCI2+H2O
...+ 2KOH = K2ZnO2 +H2O
Zn(OH)2 +....= ZnCI2+H2O
H3 АІO3 + 2NaOH = ... +H2O
екідайлы (амфотерлі) элементтер деген не? .
ІІ.Элементтердің табиғи ұяластары
1.Сілтілік металдардың ұқсас қасиеттерін атаңдар
2.Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері қалай өзгереді ?
(атомдық массаларының өсуіне сәйкес жай заттардың тығыздығы да ,балқу температурасы да өседі.)
3.Оксидтерінің жалпы формуласына сай келетін оксидтердіңжәне гидроксидтерінің формуласын жазыңдар. R2O , ROH
4. Сілтілік жер металдарды атаңдар
Сілітілік жер металдардың физикалық қасиеттерін атаңдар.Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы бойынша жұмыс жасату (тақтада талдау жасау) табыңдар:
5. Бейметалдар арасындағы ұқсастық –галогендер тобына сипаттама беріңдер.25-кестемен жұмыс жасап,олардың ұқсастықтарын атаңдар.
6. Оттек және халькогендер тобының ұқсастықтарын ажыратыңдар 26-кестемен жұмыс жасау
Жаңа сабақты түсіндіру
Түсіну
Барлық элементтерді бір жүйеге келтіру- Д.И.Менделеев
Ұқсас және ұқсасемес элементтер арасындағы байланыс -атомдық массалары және валенттіліктері бойынша қарастырылды.
Элементтерді атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырды.
-Қасиеттері периодты түрде қайталанып отырады. )сілтілік металдар,металдар,галогендер)
-валенттіліктері бірдей
- оксидтері,гидроксидтері,сутекті қосылыстары ұқсас
Қорытынды: Салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері периодты түрде өзгереді.
1869ж. Периодтық заң
Элементтер және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына периодты тәуелділікте болады.
Оқулықпен жұмыс 27-кестемен жұмыс жасап,талдау
№2 (2.1)көрсетілім Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің Д.И.Менделеевтің қолжазбасы
Период дегеніміз- атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары. Период сілтілік металдардан басталып, инертті элементтермен аяқталатын көлденең қатар.
Период
Кіші Үлкен
1,2,3-периодтар 4,5,6,7периодтар
Өзара байланысты бөліктерден құралған тұтас дүние –жүйе деп аталады.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде 7период бар,ол 10тақ және жұп қатарлардан тұрады. 8 тік бағаналар-топ деп аталады.
кіші периодтар 1қатардан,ал үлкен периодтар екі қатардан тұрады,оларды үлкен периодтар деп атайды.
Топта қасиеттері ұқсас элементтер орналасқан.топ нөмірі рим сандарымен беріледі. Топ нөмірі валенттілікке сәйкес келеді.
Периодтағы атомдардың электрондық қабабттарының саны бірдей болады.
Кіші периодтарда ядро зарядының мәні артқан сайын сыртқы қабаттағы электрондар саны өседі.Бұл жоғары валенттіліктің өсуіне, металдық қасиеттің бәсеңдеуіне,бейметалдық қасиеттің артуына әкеледі.
Топ екі топшадан тұрады: негізгі және қосымша топша.Негізгі топшаға үлкен және кіші период элементтері кіреді.
Әр топта орналасқан элементтерге мынадай заңдылықтар тән:30-кестемен жұмыс:
әр топ элементтерінің қосылыстарындағы жоғары валенттіліг негізінен сол топтың реттік нөміріне сәйкес келеді. Қосымша топшада ауытқу болады.
Негізгі топшаларда элементтердің салыстырмалы атомдық массалары өскен сайын (жоғарыдан төменге қарай) олардың металдық қасиеттері басым болады.
Негізгі топшдағы элементтер атомдарының сыртқы электрон қабатында орналасқан электрондар саны, сол топтың нөміріне сәйкес келеді. ІІІ топтың негізгі топшасындағы элементтердің атомдарының сыртқы энергиялық қабаттарында 3 электроннан бар,яғни оттекті қосылыстарындағы валенттігі 3-ке тең. R2O3
9. ІҮ-ҮІІ топтардағы негізгі топшалардың элементтері сутекпен қосылыс түзеді. RH3
Қолдану: 1. Оқулықта 159-беттегі №1-6апсырмаларды орындаңдар
Достарыңызбен бөлісу: |