Білімдік: Оқушыларда дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік пайда болады, білімдері жетіледі. Дамытушылық: Білімге деген қызығушылықтары оянады және тілдік қорлары дамиды. Тәрбиелік: Оқушылардың табиғаттқа деген сүйіспеншіліктері артады, топтық жұмыс жасап, достық қарым-қатынаста бір-біріне көмектеседі, сыйластық қалыптасады, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар дара етістік пен күрделі етістікті бір-бірінен ажыратады. Дара етістік пен күрделі етістіктің жазылуын есте сақтайды. Топтық жұмыс жасауға жаттығады. Кері байланысқа үйренеді.
І топ зат есімге қатысты сөзі бойынша жеміс-жидектер тобын таңдайды, ІІ топ киеді сөзі бойынша киімдер тобын таңдайды,ІІІ топ ұшады сөзі бойынша құстар тобын таңдайды.
Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)
Етістікке байланысты жазып келген сөйлемдерін ұсынады . Етістік ережесін айтады (үш топ мысалдар келтіреді) Үй жұмысын және өтілген материалдарды пысықтау барысында тірек сызбасы арқылы жұмыстар жүргізу.