Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



Дата16.12.2022
өлшемі148,63 Kb.
#57603
түріСабақ


Бекітемін:____________________________Айман Орынбасарқызы

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні:

Балғабай Жасмин

Күні:

12.10.2022

Сынып: 2А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дауыссыз л мен р

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
2.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру
2.4.1.4 - дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады :л, р дыбыстарының жазылу емлесін меңгереді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Оқу, тыңдау, айтып жатқа жаздыру, есте сақтау дағдыларын арттыратын жаттығуды орындауда белсенділік танытады; Шағын топта үйлесімді жұмыс істей алады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
8 мин

Қызығушылықты ояту.
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Сергіту сәті “Аңдар биі”.
Үй тапсырмасын сұрау.


Жұмыс ережесімен танысу
• Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
• Уақытты үнемдейміз!
• Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы
баға аламыз.

Видеоға қарап қайталайды.


Үй тапсырмасын айтады.











https://youtu.be/CWXyBTtDLD8




Жаңа білім





Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысу.


44-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.
Рауан
Рауан-сәуле таңғы нұр,
Рақатқа бөлер жанды бұл.
Рауандап атқан ақ таңдар,
Ризық сыйла, сәл кідір!

  • Р дыбысынан басталатын сөздердің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын саластыр.




  • Рауан,рақат,ризық сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып, біліп ал.



Дәптермен жұмыс.
45-жаттығу. Бұлтта берілген сөздердің бір әріптерін өзгерту арқылы л әрпінен басталатын сөздер жасап жаз.





Сергіту сәті.

Өзіндік жұмыс
1.Үнді дауыссыздарды белгіле
А)с, н, ң Б)в, г,в, ғ Ә)к, қ, п В)м, р, у + 2.Дұрыс жазылған сөзді белгіле: А)лайық+ Б)лаиқ Ә)лайқ В)лаиық 3.Қай сөйлем дұрыс құрастырылмаған? А)Асан ағашты суарды Б)Марат доппен+ Ә)Ғарышкер ғарышқа ұшты В)Көктем келді.
4.Үнді дыбыстан аяқталған сөзді көрсет А) қал+ Б) лақ Ә) раушан В) радио


46-жаттығу. Оқы. Орны ауыстырылп берілген бөліктерден мәтін құрастыр.

  • Жазғы демалыс кезі. Біз жүгерінің арамшөбін отап жүр едік. Кенет күн бұлттанып, лезде жаңбыр құйып кетті.

  • –Кетпенді тастап қашыңдар!-деп дауыстадым.

  • Жұрт паналар жер таппаған соң, кетпен-күректерін төбелеріне тосты. Мұны көріп металдың жай тартатыны есіме түсе кетті.

  • Мәтін не туралы?

  • Найзағай туралы балаларға арналған энциклопедиядан біліп ал.

  • Мәтіннен л дыбысынан басталатын сөзді тап.

Дескриптор білім алушы
-Өлеңді жатқа жазады
- Р дыбысынан басталатын сөздердің астын сызады
- Рауан,рақат,ризық сөздерін сөздіктен тауып айтады
Дескриптор білім алушы
-Бұлтта берілген сөздердің бір әрпін өзгерту арқылы л әрпінен басталатын сөздерді жасап жазады

Серігеді.




Дескриптор білім алушы
-Орны ауыстырылып берілген бөліктерден мәтін құрайды
- Мәтін не туралы екенін айтады
- Мәтіннен л дыбысынан басталатын сөзді табады

“Шапалақ” әдісі



Өзіндік жұмыста стикерлер арқылы бағалау.




Оқулық, жұмыс дәптері

Оқулық, жұмыс дәптері

Тест тапсырмалары

Оқулық


Кері байланыс
3 минут


Үйге тапсырма: 54. Ребусты шешу







Стикерлер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет