Сабақтың тақырыбы: Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер



Дата03.12.2023
өлшемі19,86 Kb.
#133307
түріСабақ
Байланысты:
Денелердің электрленуі


Қысқа мерзімді жоспар



Бөлімі:

8.2 В Электростатика негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Бекмагамбетова А.Д.

Күні:

29.11.2023ж

Сыныбы: 8А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8.4.1.1 - электр зарядын сипаттау;
8.4.1.2 – Үйкеліс және индукция арқылы электрлену құбылысын түсіндіру;
8.4.1.3 электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Электр зарядын сипаттайтын шамалардың мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар істей алады: Үйкеліс және индукция арқылы электрлену құбылысын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар істей алады: Электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіреді.

Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.


Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету.



Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

9 мин.
Өткен тарауды тексеру


8мин.

Топпен жұмыс





Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Топқа бөлу:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ

Өткен тарауды тексеру


Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
1.Газдың жұмысы дегеніміз не?
2.Жылуқозғалтқыштары дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
3.Жылу машинасының пайдалы әрекет коэффициентін сипаттаңдар.

Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.


Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді.

«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.

Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды.

Дескриптор:


-Өткен бөлімдегі ережелерді қайталайды.

Жалпы балл-2

Дескриптор:
-Тақырыпты оқиды, топта талқылайды
- Флипчартқа түсіреді , топта қорғайды.

Жалпы балл-3




Қағаз қиындылары


Үлестірме

ДК экран Сұрақтар

Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер беріледі.


Сабақтың ортасы.
10 мин.

Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
1-тапсырма:
Заттардың электрленуі және электр күші деген атаулар қалай пайда болды және нені білдіреді?
2-тапсырма:
Жанастыру арқылы электрлендіру тәсілі деп қандай тәсілді айтады?

Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларға оқушылар жауап жазады.

Дескриптор:
-Тапсырмаларды орындайды.
-Осы тапсырмаларға ұқсас сұрақтар жазады.

Жалпы балл -3




Слайд
Сызғыш
Ақ парақ


Сабақтың соңы.
10 мин
Синтез
«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту)


8мин
Рефлекция

Бағалау


Үй тапсырмасы

«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту)
Өткізгіштер мен диэлектриктер және шала өткізгіштер деп қандай заттарды айтады?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»


Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау





Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.



Дескриптор
- Өткізгіштер мен диэлектриктер және шала өткізгіштерге мысалдар келтіре алады.

Жалпы балл-2


Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл





Дк экран
Дәптер

Стикерлер


смайликтер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет