Сабақтың
басы
5 мин
Сабақтың ортасы
|
Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу
2.Сыныпты түгелдеу
3.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
-Сәлем достым! (амандасады)
-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)
-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
-Сен келдің! (қолдарын жаяды)
-Жақсы болды! (құшақтайды)
Өткенге шолу, тақырыпқа байланысты «Серпілген сауал» доп лақтыру арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1.қысымы тұрақты көлемі мен температурасы өзгеретін термодинамикалық процесті қалай атаймыз? (Изобаралық процесс).
2.Изобаралық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы қалай өрнектеледі заңы? (Q= U+A) 3. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі ?(Джоуль)
4.Сұйықтың буға айналуы?(Булану)
5.Жылу берілудің неше түрі бар? (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)
6.Заттың күйлерін атаңдар? (Газды сұйық қатты)
7.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері? (жылу беру, жұмыс)
8.Жылу берілу кезінде дененің алған немес е жоғалтқан энергиясы? (Жылу мөлшері)
9.Будың сұйыққа айналу процесі? (Конденсация)
10. Мұздың балқу температурасы (0 градус)
«Ой қозғау»
Оқушыларға тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар қоямын.
а) Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? (шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады)
ә) Синтетикалық киімді шешекенде нені байқайсыңдар?( шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)
б) Мысықты сипағанда? (шытырлаған дыбыстар естіледі)
в) тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)
Оқушылар заттар неден тұрады?Молекулалардан тұрады.
Молекуладан кейінгі кішкентай бөлінбейтін бөлшек атом.Бірақ 20 ғасырдың аяғында атомның өзі 3 бөлшекке бөлінеді деп дәлелдеді.
Электрон, протон, нейтрон.
|
Түрлі түсті қағаздар, стикерлер.
|