Сабақтың тақырыбы Денсаулық туралы негізгі түсініктер



бет72/158
Дата15.12.2023
өлшемі6,83 Mb.
#138144
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   158
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ-1 дш

Тас қала
Асық ойынының ендігі бір түрі —«Тас қала» деп аталады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7—8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады
Хан
Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі—«Хан» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін.
Құмар
Асықпен ойнайтын ойынның тағы бір түрі — «Құмар». Бұл ойынды үлкен - кіші демей ойнай береді. Ойынға қатынасушылардың саны 5 — 6 адамнан аспауы керек. «Құмар»— үйде, аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі - түсті бояуға боялады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын асық иіру арқылы шешеді.
Асық ойынының негізгі ережелері
Сергіту сәті: Ойын ережелерін түсіндіру.Дене тәрбиесінің мұғалімін ортамызға шақырып балдарға асық ойнату

Асыққа байланысты ырымдар:
А. Келінінің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық жинап жүреді. Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны жасырып оңаша келінге сездірмеуі мүмкін. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман - есен, босанса екен деп тілек тілеуінің бір тәсілі.
Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын - көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз баланың бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын дегені.
Асық ескерткіші
Алматыда асық ескерткіші 1999 жылы тұрғызылған екен.Авторы – Сәкен Нарынов. Ескерткіштің биіктігі – 2,5 метр, ұзындығы – 4 метр
Ату түрлері:
Ұра ату-шеңбердің сыртында тұрып ату.Қыңқайта ату-егер асық шеңбер сызығынан едәуір алыс жатса,оны алыстан көздеп атпай,қыңқайып жайпай ату.Бұл үшін ойыншы бір аяғын шеңбер сызығы үстіне қойып,екінші аяғын өзінің қалауынша қадап асық бүйірінен,Яғни орталық арқылы атудан гөрі ең қысқа аралықтан атып түсіретіндей әдіспен атылады.Қадап ату-асық шеңбер сызығынан бір метрдей ары жатпаса,оны қадап атады.Төрден ату-асық шеңбер сызығынан 40см-ден ары жатпаса немесе шеңбердің үстінде жатса,ал сақа шеңбер ішінде болса,төрден атады.Шертіп ату-жоғарыдағы ату тәсілдердің қайсыбіреулерінен кейін бар асқтар атылып алынып,ал сақа ату алаңында қандайда бір асыққа,ханға немесе шеңбер ортасына жақын қалса,осы тәсіл қолданылады. 

Жалпы дамыту жаттығуын көрсетеді .
а)жүру,жүгіру жаттығулары
ә)құралсыз орындалатын
дамыту жаттығулары
Топпен бірлесе отырып жауап береді.
Ойын барысында ережелерді сақтайды

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»


ҚБ «От шашу»



Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік.

Мұғалім ысқырығы


Керекті спорттық жабдықтар және инвентарь:



Сабақтыңсоңы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет