Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.
Кері қайту
Тұрғылықты диск
Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, Мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Кері қайту
Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі
3,5 – дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады. Олардың сыйымдылығы 1,44 Мб. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне “А” әрпі белгіленеді. Кері қайту
СD және DVD диск жетектері
Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді Кері қайту
Сызбалық бейімдеуіш
Бейімдеуіштің кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар “Тұрғылықты жері” бойынша бұл жады көпнесе Бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым Үлкен болса, компьютер кескін дер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдылықпен және түрлі түстермен бейнелейді. Кері қайту
Дыбыстық тақша
Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.
Кері қайту
Желілік тақша
Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне
қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың
бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және
сымсыз желілерге қатынас құруға арналған
тақшалар, ең танымалылары – Ethernet және
сымсыз желілер.
Кері қайту
Енгізу-шығару порттары
Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.