Сабақтың тақырыбы Деректердің негізгі конструкциялары Сабақтың түрі: Білімі мен біліктілігін қолдану сабағы



бет1/3
Дата27.01.2023
өлшемі29,13 Kb.
#63253
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы Деректердің негізгі конструкциялары
Сабақтың түрі: Білімі мен біліктілігін қолдану сабағы
Оқыту әдістері: ауызша түсіндіру, бағдарлама құру
Сабақтың жабдықталуы:проектор
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жиымдар. Бір өлшемді жиымдар. Көп өлшемді жиымдар. Жиымдарға амалдар қолдану. Қарапайым бағдарлама құру Код тазалығы
Тәрбиелік: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке, ұқыптылыққа үйрету
Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру
САБАҚ МАЗМҰНЫ


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылырдың сабаққа қатысуын тексеру, әзірлігін қадағалау
Жаңа материалды түсіндіру:

ДҚ администраторының негізгі функциясы


Деректер қоры мен оны құру мен функционалдау процесінде әр түрлі категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды. Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті пайдаланушылар, яғни олардың қажеттіліктері үшін деректер қоры құрылатын пайдаланушылар табылады.
Деректер қорын функционалдау деректер қорын құруды, функционалдауды және дамытуды қамтамасыз етуші мамандардың қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың мұндай тобы деректер қорының администраторлары (ДҚА) деп аталады. Деректер қорының администраторларының тобының құрамында олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге болады. Деректер қорының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер, деректер қорына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, деректерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме коммерциялық деректер қоры жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.
ДҚ қолданушысы. Қолданушылардың ақпараттық талаптарын қамтамасыз етудің екі аспектісі бар: нақты пәндік аймақтың шекараларын анықтау және сәйкесінше ақпараттық модельдердің сипаттамасын жасау; әртүрлі категориядағы қолданушылардың сұраныстарына тиімді қызмет көрсетуге бағытталған.
Деректер банкісін құру. Әртүрлі категориядағы қолданушылар: аналитиктер, жүйелік программистер, қолданбалы программистер, администраторлар, соңғы қолданушылар.
Деректер қорының администраторлары жан-жақты қызметтердің үлкен шеңберін орындайды: 

  • Пәндік облыс анализі;

  • Деректер қорының құрылымын жобалау;

  • Деректер қоры мен ДҚ-н өңдеу шараларының құрылымын жазбаша суреттеу кезінде толықтылықты шектеуді беру;

  • Деректер қорын алғашқы жүктеу және жүргізу;

  • Деректерді қорғау; ДҚ-н қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • ДҚ-на пайдаланушылардың жолдауының анализі;

  • ДҚ-ның жұмыс жасау тиімділігінің анализі мен жүйенің дамуы;

  • Пайдаланушылармен жұмыс жасау;

  • Жүйелік программалық жабдықтарды дайындау және қолдау;

  • Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс.

Инфологиялық модельдеудің негізгі аспаптық жабдықтары. Пәндік аймақтың ER- диаграммасы. Физикалық модельге көшу.
Ақпараттық - логикалық модель (информационно-логический, инфологиялық) - анықталған тақырып саласындағы ақпарат обьектілерінің және олардың өзара байланыстарының жиынтығы түрінде көрсетілетін құрылым.
Инфологиялық үлгілеудің негізгі конструктивті элементтері обьект, байланыс және олардың қасиеті (атрибуты) болып табылады.
Обьект- деректер қорында ол туралы ақпаратты сақтау қажет болатын кез келген обьектіні айтамыз. Мысалы, адамдар, ғимарраттар, самолеттер, т.б обьект бола алады.
Атрибут – обьектінің аталған мінездемесі. Оның атауы обьектінің нақты типіне бірегейлі болуы қажет, бірақ обьектінің әртүрлі типіне бірдей болуы да мүмкін.
Байланыс- екі немесе одан да көп обьектілердің қатынасы.
1) бірдің-бірге қатынасы.
2) бірдің-көпке қатынасы .
Модель Сущность-Связь (ER-модель) (англ. entity-relationship model (ERM) или англ. entity-relationship diagram (ERD)) — концептуалды схемаларды сипаттауға мүмкіндік беретін деректер үлгісі.
1. Пәндік аймақтың ақпараттық объектілерін жүйелік талдау.
2. Пәндік аймақтың инфологиялық моделін жобалау — пәндік аймақтың
объектілерін қандайда бір семантикалық модельдің тарминдерімен формалды түрде сипаттау, мысалы, Е-модельдің терминдері арқылы.
3. ДҚ-ын даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни ДҚ-н, объектілерін жалпы қабылданған терминдермен сипаттау.
4. ДҚ-н физикалық жобалау, яғни ДҚ-н қосымшалардың тиімді жұмысын қамтамасыз ететін қандай да бір сыртқы жинақтауыштарда орналастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет