Ширату тапсырмасы.
3.2.6.1 (МК; Ұ; Қ) Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мəтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Оқыған мəтіндерін «Ұтымды жауап» мəтінімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
(Ж) Досының өмірбаянын айту. Досының өмірбаянын сұрап, əңгіме жүргізеді. Өмірбаян айтудың қадамдары бойынша өз ойын жинақтап, досының өмірбаянын топта жариялауға дайындалады.
(Ө; Ұ) «Автор орындығы» стратегиясы бойынша досының өмірбаянын айтып береді.
(Ө; Ұ; Қ) Жұмысты бағалау.
Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында «Бағдаршам» əдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.
Əрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сəйкес карточкалар
таратылады. Жұмысты тыңдап, бағдаршам түстеріне сəйкес карточкаларды көрсету арқылы бағалайды.
«Жасыл» түс – ойын толық жеткізді. Тақырыптың мазмұны ашылды.
«Қызыл» түс – ойын жеткізді. Тақырыптың мазмұны ашылды.
«Сары» түс – мазмұны толық ашылмаған. Тақырыптан ауытқыған.
(МК; Ұ) Кестемен жұмыс.
Мəтіндегі уақытты кестеге түсіреді. Талдау жасатылады. Кесте
бойынша мəтінді əңгімелейді.
3.4.2.1 (МК; Ұ; Қ) Сөздерді өзара салыстыру. Түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сурет – суретші, мал – малшы сөздерін өзара салыстырады. Ой қорытынды жасайды. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқиды. Өз ой қорытындыларымен салыстырады. Мысалдар келтіру арқылы түбірлес сөздер туралы алған білімдерін бекітеді.
3.4.2.1 (МК; Ө; Қ) Түбірлес сөздерді табу.
23-жаттығу. Оқулықта берілген сөздерді жас атауларының
өсу ретіне қарай жүйелеп жазады.
Түбірлес сөздерді тауып, түсіндіреді.
Дескриптор:
Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |