Ширату тапсырмасы.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
3.2.4.1 (Ұ; Т; ОТ; Қ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. 9-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады: сағат. Жұмбақтағы қарамен берілген сөздерге назар аудартылады. Бұл сөздердің нені білдіретіні анықтатылады. Тіл сөзі қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндіріп, дəлелдейді.
Сағат не үшін керек? сұрағына өз ойларын айтып, талқылайды.
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Олардың назары суреттегі сағаттарға аударылады. Суреттер бойынша сағаттың шығу тарихын болжайды. Болжау барысында дəлелдемелер келтіріп, ой тұжырым жасайды. Өз отбасы мүшелері қай сағат түрін қолданатынын, өзі қай сағат түрін қолданатынын айтып, өз ойымен бөліседі. Жұмыстарын топта жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |