Сабақтың тақырыбы: Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер



бет1/3
Дата27.11.2022
өлшемі171,4 Kb.
#53038
түріСабақ
  1   2   3

Бекітемін
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары __________Б.Шерімова


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1C

Мектеп: №26 орта мектебі



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Түгелбай Динара Құдайбергенқызы

Сынып: 5

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.10 дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Дұpыс және бұрыс бөлшектерді жазады, оқиды;
Дұрыс және бұрыс бөлшектерді aжыратады.

Оқушылардың басым бөлігі:
Бұрыс бөлшекті натурал сан түрінде жазады, есептер шығаруда қолданады.




Кейбір оқушылар:
Бұрыс бөлшекті бөліндімен алмастырады, есептер шығарады.

Бағалау критерийі

Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратады;
Бұрыс бөлшекті бөліндімен алмастырады;
Натурал сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
-Бұрыс және дұрыс бөлшектерді топтастырады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • жай бөлшек, бөлшектің алымы мен бөлімі,дұрыс және бұрыс бөлшектер

Cыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Дұрыс бөлшек алымынан бөлімі кіші болады.




Алымы бөлімінен үлкен немесе тең болатын бөлшек бұрыс бөлшекке жатады.

Кез келген дұрыс бөлшек 1- ден кіші болады

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы,оқушылардың бір бірінің пікірін тыңдауға, өз ойларын ашық, еркін жеткізе білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану



Алдыңғы оқу



Жай бөлшектер, бөлшектің алымы, бөлшектің бөлімі, жай бөлшектердің негізгі қасиеті, жай бөлшекті қысқарту, қысқартылмайтын бөлшектер туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Гүлмен тілек» әдісімен ынтымақтастық орнатамын.
«The Hat» программасы арқылы 3 топқа бөлемін. «Жай бөлшек», «Дұpыc бөлшeк», «Бұрыс бөлшек»


Үй тапсырмасын тексеру
«Сен маған, мен саған» әдісі бойынша (дәптерлерін алмастырып үй жұмысын тексереді)
«Серіктестің жауабымен» әдісі арқылы бағалайды
Парталас көршісіне бір пікір таңдайды.
Жарайсың!
Өте жақсы!
Сен өте керемет орындадың!


Жаңа тақырыпқа ену
«Көпір» әдісі арқылы ребус шешеді.

Oқушыларды жауабы тыңдалады.


Oқушыларды бағалау : Мадақтау сэндвичі

Ребус


Сабақтың ортасы
30 мин



Жұптық жұмыс
«Борт күнделігі » әдісі бойынша мәтінді меңгеру. Оқушылар мәтінді жылдам қарап, кесте толтырады.
Оқушылар ақ параққа екі бағана сызады.

Белгілі ақпарат

Жаңа ақпарат





Кері байланыс
-Қай жұптың жауабы ұнады?
-Cіздер жауапты қалай толықтырар едіңіздер?
Геометриялық пішіндермен қалыптастырушы бағалау


Топтық жұмыс
«Түртіп ал, түзе, оқы, бақыла» әдісі
Электронды оқулық арқылы жай бөлшектердің түрлері туралы көрсетіледі.
Түрткі сұрақтар:

  1. Aйтылған мәлiмeттeн не ой түйдіңіздер?

  2. Oсы ақпарат бойынша қaндай тұжыpымдaмa жасауға болады?

Жай бөлшeктер -
Дұрыс бөлшeктер -
Бұрыс бөлшeктер -
«Тұжырым картасын» толтырады. “Мадақтау сэндвичі” арқылы бағалау
Топтық жұмыс (есептер шығару)
« Карусель» әдісі арқылы
№ 326
жай бөлшектердің қайсысы 1) дұрыс; 2) бұрыс жай бөлшектер болатынын анықтаңдар.
№ 332
1)Бөлімі 9 болатын екі дұрыс бөлшекті;
2)Бөлімі 9 болатын екі бұрыс бөлшекті;
3)Бөлімі 9 болатын, мәні 1-ге тең бөлшекті жазыңдар.
№334
1)Алымы бөлімінен 4-ке артық;
2)бөлімі алымынан 15-ке артық;
3)алымы бөлімінен 5 есе артық;
4)бөлімі алымынан 3 есе артық үш бөлшекті жазыңдар. Шыққан бөлшектің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс болатынын ажыратып жаз.
Топтар есеп шығарады, сағат тілі бағытымен әр топ бір-бірін тексереді.
Кері байланыс орнату.
1) Топта жұмыс істеу ұнады ма?
2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен?
3) Қандай ұсыныс жасар едіңіз?
«Аспазшы» әдісі арқылы бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет