Топпен жұмыс. «Сәйкестендіру». Тақтада үш сәйкестендіру кестесі ілініп тұрады. Әр топ әрбір сөйлемге сәйкес жауапты алып барып, жапсырады. Сол бойынша топқа ұпайлар беріледі. Әр бір дұрыс сәйкестікке 1 ұпайдан беріледі.
Кез келген дұрыс көпбұрыштың бір бұрышын есептеу
S = (n-2)·
Кез келген дөңес n-бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
α =
Кез келген дұрыс көпбұрыштардың сыртқы бұрыштарының қосындысы
Көрші емес екі төбесін қосқанда шығады
Дөңес көпбұрыштардың диагональ дегеніміз...
Дұрыс нұсқасы Кез келген дұрыс көпбұрыштың бір бұрышын есептеу α =
Кез келген дөңес n-бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы S = (n-2)· -қа тең.
Кез келген дұрыс көпбұрыштардың сыртқы бұрыштарының қосындысы -қа тең.
Дөңес көпбұрыштардың диагональ дегеніміз... Көрші емес екі төбесін қосқанда шығады
Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
Сабақтың ортасы
Жаңа білімді меңгеру барысында «Белсенді оқыту» әдісі арқылы белсенді оқытудың топтық, жұптық, жеке жұмыстарын ұйымдастырып, оқу мақсатына жету үшін, оқушыларға саралау есептерін алып, әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандара отырып, оқу мақсатына жетуді көздеймін.
Бүгінгі тақырыпты ашу мақсатында:
Оқушыларға алдын- ала сызбасы дайын көпбұрышы ұсынылып, оны сызғыш пен траспортир арқылы әрбір қабырғасының ұзындығын және әрбір ішкі бұрыштарын өлшейді.
Өлшеп болған соң, оқушылардың әрқайсысы бүгінгі тақырыпты, яғни дұрыс көпбұрыштың не екенін тұжырымдай алады. Осы арқылы дұрыс көпбұрыштардың анықтамасы шығады.
Анықтама: Барлық қабырғалары өзара тең, барлық бұрыштары өзара тең көпбұрышты дұрыс көпбұрыш деп атайды.
Дұрыс алты бұрышты қалай салу керектігін www.bilimland.kz сайтынан шағын видео ролик көрсетіледі
Жұптық жұмыс.Мұғалім тарапынан нұсқау беріле отырып, оқушыларға дұрыс көпбұрыштардың элементтерін (кабырғалар санын, әр бір бұрышты, ішкі бұрыштар қосындысын ) есептей алуға тапсырмалар беріледі.