Мұғалімнің аты-жөні:
|
Айтмагамбетова Мафруза Бегайдаровна
|
Пән/Сынып:
|
Қазақ тілі \ 7 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
6-апта, 17-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
8-бөлім Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар. Морфология
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
|
Оқу мақсаты:
|
Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
ӘТН 4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану
|
Бағалау критерийі:
|
Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды;
Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады;
Шылау түрлерін ажыратады, орынды қолданады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
2 мин
|
Ұйымдастыру Сабақтың басы
|
Бөлім. Тақырып. Оқу мақсаты. Сабақ мақсаты.
Бүгінгі сабақта:
-дұрыс тамақтану туралы мәліметпен танысасыңдар;
-тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайсыңдар;
-ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратасыңдар;
-шылау түрлерін ажыратып, орынды қолданасыңдар.
|
Сабақ мақсатымен таныстыру
|
|
1-2 слайд
|
|
Сабақтың басы
|
Ойтүрткі (Оқушылар, мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік)
1.Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесің?
2.Тамақтану мәдениеті дегеніміз не?
3. Сен күніне неше рет тамақтанасың?
(Дұрыс айтасыңдар, дұрыс тамақтану – саламатты тамақтану. Саламатты тамақтану – тамақ тәртібін, тамақтану ережесін дұрыс сақтау деген сөз. Яғни, тамақтану мәдениеті дегеніміздің өзі осыдан шығады екен. Ендеше, тамақтану мәдениетін сақтаған адамның денсаулығы да мықты болады деген сөз.
|
Сабақ тақырыбына оқушы назарын аудару
|
|
3 слайд
|
26 мин
|
Сабақтың ортасы
|
Мәтінді мұқият тыңдаңыз!
МӘТІН
Адамның денсаулығы саламатты тамақтануға көп байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, шамамен сырқаттың 80 пайыздандан астамы дұрыс тамақтанбаудан болады. Адамның күнделікті тұтынатын асында ақуыз, май, көмір сынды өоректік заттар, микроэлементтер мен дәруменді заттар жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мүмкіндік болса, тамақты белгілі бір уақытта қабылдау керек. Бұл астың сіңірілуін жақсартып, адам денсаулығына игі әсер етеді.
Тамақты күніне 4-5 рет аз-аздан жеу керек. Егер күніне 3 рет тамақтанатын болсаңыз, таңғы асыңыз тәуліктік рационның 30-35 пайызын, түскі ас – 40пайызын, кешкі ас – 25-30 пайызын құрауы қажет. Негізі әр үш сағат сайын ағзаға тағам түсіп тұру қажет. Ал соңғы ас қабылдау ұйықтардан 2-3 сағат бұрын болуы керек. Егер түнге қаорай шамадан тыс ауыр тағамдарды қабылдасаңыз, бұл астың қорытылуына кері әсер етіп, семіздік, панкреатит және басқа да асқазан-ішек ауруларының асқынуына әкелуі мүмкін.
Күні бойы аш жүріп арықтаймын деген ойдан аулақ болу керек, себебі ашқұрсақ жүрген адам салмақ тастамайды. Тіпті қосуы мүмкін, тұтынатын калориялар кенет азайған кезде ағза дағдарысқа ұшырайды. Бұл калорияның баяу жойылуына әкеледі. Салмақты қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін жоғарыда айтқан тамақ рационын сақтай білу қажет. Бұған күніне 5 рет аз-аздан тамақтану, дене белсенділігін біртіндеп арттыру, ұн өнімдерін, жануар майларын, ащы тағамдарды тұтынуды азайту жатады. Тамақ құрамында жеміс-жидектер мен көкөністердің мөлшері көп болғаны дұрыс.
(«Астаны ақшамы» газетінен)
|
Сабақ тақырыбы бойынша негізгі мәселені анықтау.
|
Мәтінді мұқият тыңдайды.
|
4-слайд
|
|
Сабақтың ортасы
Оқу тапсырмалары
|
|