2-ТАПСЫРМА. «МӘТІННЕН ФАКТІ МЕН КӨЗҚАРАСТЫ АЖЫРАТУ» әдісі
ФАКТ
КӨЗҚАРАС
ЖАУАП ҮЛГІСІ:
ФАКТ
КӨЗҚАРАС
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, шамамен сырқаттың 80 пайыздандан астамы дұрыс тамақтанбаудан болады.
Таңғы ас рационның 30-35 пайызын, түскі ас – 40 пайызын, кешкі ас – 25-30 пайызын құрауы қажет.
Мүмкіндік болса, тағамды белгілі бір уақытта ғана қабылдау қажет.
Салмақ төмендетудің дұрыс тәсілін таңдау үшін алдымен дәрігермен кеңесу қажет.
(Бұл жауап үлгісі ғана,ал сіздер бұл мәтіндегі барлық сөйлемді факт мен көзқарасқа ажырата алдыңыздар деп есептеймін)
Оқу мақсатына бағытталған тапсырмалар.
Тыңдалған мәтіндегі факті мен көзқарасты ажырату.
2-тапсырма. Дескриптор: Мәтіннен факті мен көзқарасты ажыратады
Сергіту сәті (2-3 мин)
Оқушыларды сабақтын үстінде сергіту, жаттығу ретінде.
https://youtu.be/Vwa5zBMF_WU
7-8слайд
3-ТАПСЫРМА. БЕРІЛГЕН АҚПАРАТТЫ НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП, «ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫПТАСТАРЫҢЫЗҒА ҰСЫНЫСТАР, КЕҢЕСТЕР ЖАЗЫҢЫЗ. «Пікірталас» әдісі.
ЖАУАП ҮЛГІСІ: Дұрыс тамақтанбаудың денсаулыққа зардап әкелетінін бұл күнде бәрі жақсы түсінеді ғой. Тамақтануға мынадай кеңестер беремін.
Бірінші кеңес. Тамақты аздап, бірақ жиі-жиі ішу керек.
Екінші кеңес. Тамақтану тәртібі мынадай болу қажет. Таңертеңгілік 7-8-де - таңғы ас, сосын 11-12-ге дейін - екінші таңғы ас. Екіншісінде алма, азғантай піскен ет, көгеніс жеген дұрыс. Түскі 1-2-де жақсылап түскі ас ішу керек. Күндізгі 4-5-тер кезіндегі түстікке бір кесе шырын болмаса айран ішкен дұрыс. Кешкі ас жетіде. Жатар алдына алма және сөбіз немесе апельсин жеп, бір кесе аса тәтті емес шырын ішу керек. Осы айтқандарды күні бойына бұлжытпай орында.
Үшінші кеңес. Жатар алдында тамақтанба. Түнгі мезгілде зат алмасу, әсiресе, май алмасу өте баяу, аз болады. Май аз қышқылданып, оның көп бөлігі тері астына жиналады.
Төртінші кеңес. Құнарлылығы жоғары майлы тамақтарды мүлде азайту керек. Сондықтан тәтті тағамдарды, тоқаштарды, я болмаса нан өнімдерін, балмұздақты аз жеген дүрыс. Сонымен қатар тәтті шырындарды іше беруге болмайды. Есіңде болсын, қазіргі фанта, пепси-кола сияқты сусындардың құрамында 40 пайыз қант болады.
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» екенін ұмытпағайсың, досым!
(Кеңес, ұсыныстарыңызға рақмет. Өз сыныптастарың ұсынған ұсыныстар мен кеңесті ескересіздер деп ойлаймын).