1. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. 2.Өтілген тақырыпты еске түсіру үшін «Бір минут» әдісімен жұмыс жасайды.
Негізгі әрекеттер:
1.Әдістің атына сәйкес оқушылар 1 минуттың ішінде тақырып туралы не білетіні және түсінетіндігі туралы тоқтамай айта бастайды. Ал екінші оқушы жұбының пікірін толығымен ұғыну үшін тек мұқият тыңдап отырады.
2.Экрандағы таймер тоқтаған уақытта әңгімелесу аяқталады.
3.Жұбының пікірін тыңдаушы оқушы келесі жұпқа естігенін айнытпай айтуға тиіс.
4.Экранда таймер қосылып, жұптар қайта араласа бастайды.
5.Осылайша 5 минуттың ішінде 5 түрлі жұппен байланыс орнайды.
Оқушылардың әңгімелесуін мұғалім қадағалап, өзіне қолайлы түрде құрылған «бақылаушы парағын» толтырады. Бақылаушы парағына қажетті дескрипторларды жазып қоюға болады.
МД слайд
1-таратпа
таймер
Сабақтың ортасы
11-15
16-25
26-32
3. Жаңа сабақты меңгерту. ЖЖ. 1-тапсырма. «РRE» кестесін толтыру үшін оқушыларға мынадай тақырып ұсынылады: «Әпке атаулының бәрі бірдей ме?» Оқушылар ұсынылған кестенің бірінші бағанына тақырып бойынша өздерінің пікірлерін 1 сөйлеммен жазады.
Екінші бағанға неліктен осы сөйлемді таңдағанын түсіндіреді.
Үшінші бағанға осы себепті мысал арқылы сипаттайды.