1 кезең
Ұйымдастыру 2 мин
Үй тапсырмасын тексеру 5мин
|
-Амандасу, оқушыларды түгендеу.
-Алтын ережемен таныстыру.
-Қоржынға салынған асықтар арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.
|
Бір бірімен амандасады.
Ережемен танысады, топқа бөлінеді
|
2 кезең
Қызығушылықты ояту
3 мин
Мағынаны тану 20мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар, сергіту сәті 2 мин)
|
Мағынаны тану
Ә.Кекілбаевты кім деп танимыз? (топтастыру стратегиясы)
Оның еңбектері. (хранологиялық кесте)
Мәтінмен жұмыс.
Бүгін - әдебиетте аты алтын әріппен жазылған атақты жазушымыздың туған күні. Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген.
Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы.
Қазақстан Республикасының 20 жылдығына байланысты "Қазақфильм" тарапынан режисер Жаңабек Жетірудың "Әбіш Кекілбаев әлемі" атты фильмі жарық көрген болатын.
Әжесі – Айсәуле тоқсан сегізге қараған шағында дүниеден өтті. Әйелі –Клара, тұңғыш ұлы –Әулет. Заңгер, экономист. Екінші ұлы- Дәулет. Театр институтының түлегі. Үлкен қызы – Зәузат. Мұрағатшы. Кіші қызы – Сәулет. Экономист-социолог.
«Ең бақытты күн» әңгімесі – соғыс жылдарындағы қарапайым жанұяның тіршілік әрекеті, береке-бірлігі, азаматтарын күткен ана, асыл жардың үміті, тілегі, ерен еңбегі туралы әңгіме.
Бүкіл дала, осынау ауыл, қыбырлаған кәрі-жас – бәрі толғанысқа толы тағдыр құшағында. Басты кейіпкер – Торғын сыры: сыпайы, мейірімді, шыдамды, еңбекқор. Осы қасиеттердің тек адалдық жолында ғана адамды бақытқа жеткізетін сөз болады.
«Ең бақытты күн» әңгімесінде Дәулет үйленгеніне он күн болмай майданға аттанады. Торғын ата-енесімен бірге қалады. Дәулет төр жылдан соң аман елге оралады, той жасалады. Тынымсыз еңбек, қуаныш, жұрттың еркін күліп, етек-жеңін жиған күн.
Әбіш прозасы – халық өмірінің жан-жақты әлеуметтік мәселелерін байланыстыра суреттейді. Оның басты ерешеліктері:
Тұрмыстық жіне этнографиялық детальдардың дәлдігі;
Кейіпкерлер іс-әрекетінің жан-жақтылығы, терең психологиясы;
Сюжет шымырлығы, композициялық тұтастығы;
Тіл көркемдігі;
Сүйекке берер нәрді жұлын арқылы, етке берер нәрді тамыр арқылы, ал жүрекке берер нәрді тылсым күш арқылы дарытар болар...
Әңгіме – бір ғана оқиға немесе бірнеше оқиға бірігіп кеткен шығарма.
Әңгіменің сюжеттік-композициялық жоспарын құру
Басталуы. Ауылдың таңғы тірлігі.
Байланысуы. Берден мен Сақан қақтығысы.
Шиеленісуі. Майданнан оралу.
Шарықтау шегі. Ел қуанышы.
Шешімі. Бақытты күн.
|
|