Дескриптор: • Мәтінді толық оқиды.
• Мәтіндегі ақпаратты салыстырады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№6- тапсырма:
Мәтін мазмұнына сәйкес келетін жауапты белгіле.
Айтылым - жазылым:
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым-жазылым дағдысы қалыптасады.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. - Мәтін мазмұнына сәйкес келетін жауапты белгілейді.
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
№9-тапсырма: "Кітапханалардың адамдар үшін маңызы қандай? тақырыбына мәтін жаз. Үстеу түрлерін қолдан. Төмендегі жоспарды негізге ал.
Жазылым: Кіріспе. "Кітап-білім бұлағы".
Негізгі бөлім. "Кітаптардың қоймасы-кітапхана".
Қорытынды бөлім. "Кітапханалар-кітап сүйер қауымның мекені".