Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты- тегі:
Сынып: 9
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме
9.2.2.2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу
Сабақ мақсаттары:
құрамында бірінші және екінші дәрежелі екі айнымалыдан теңдеулері бар теңдеулер жүйесін шешу алгоритмін біледі
-берілген функциялардың графиктерін салады
салынған графиктер бойынша теңдеулер жүйесінің шешімін анықтайды;
Бағалау критерийлері
екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешудің әдіс –тәсілдерін қолданады
екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шеше алады
шешімі болатын сандар жұбын табады, негіздейді.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Оқушылар топпен, жұппен жұмыс жасайды. Мұғалім бағыт бағдар береді. Оқушылар білмеген сұрақтарын немесе есептерін мұғалімнен немесе қасындағы оқушыдан сұрай алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология Теңдеулер жүйесі..., графиктік тәсіл
Теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Қосу тәсілі, алмастыру тәсілі
Функция, координата жазықтығы, екі функция графиктері,
Графиктердің қиылысу нүктесінің координатасы
Шешімі, жауабын тексеру
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Бұл теңдеулер жүйесін шешу үшін, .....
..... қосу / алмастыру / графиктік тәсілді қолданамын
Графиктік тәсілді қолдану үшін, ...
... алдымен у-терін тауып, әрбір теңдеуді функция ретінде қарастырып, графиктерін саламын.
... шешімдерін геогебрада тексеремін
Ұқыптылыққа тазалыққа , тәрбиелеу. Сабақ өту барысында жүйелі жұмыс істеуге, баулу.
Топтарға біріктіре отырып бір-бірімен ой бөлісуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруды дамыту.
АКТ қолдану дағдылары
Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып және geo-gebra бағдарламасында көрсету, BILIMLand сайтымен жұмыс жасауhttps://bilimland.kz/ru/subject/algebra/9-klass/nelinejnye-uravneniya-s-dvumya-peremennymi
https://yadi.sk/i/I-dXzdtosWtMn
https://bilimland.kz/ru/subject/algebra/9-klass/nelinejnye-uravneniya-s-dvumya-peremennymi