10.4.1.12 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде);
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегиялары
Елдердің экономикалық даму стратегияларын жасаудың қажеттілігі
Әрбір мемелекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта , қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады. Экономикалық даму стратегиясы стратегиялық мақсаттарды анықтап, елдің дамуына қатысты ұзақ мерзімге арналған маңызды ұстанымдарды негіздеп береді. Елдің экономикалық даму стратегиясын жасауда ішкі экономикалық әлеует және қазіргі заманғы әлем дамуының тенденциялары мен сын-тегеуріндері ескеріледі.
Қазіргі әлем дамуының тенденциялары мен сын-тегеуріндері
ұлттық экономикалардың тұрақтылығына қойылатын талаптардың күшеюі
ықпал ету аймақтарына қатысты геосаяси бәсекелестіктің артуы
Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұзақ мерзімдік стратегиялық бағдарламалар жасалады. Елдің экономикалық дамуының стратегиясын жасау бірнеше кезеңдерден тұрады.
Экономиканың жай-күйін талдау
Мәселелерді айқындау, оларды шешу мерзімдерін бағалау, кері құбылыстарды жоюдың балама жолдарын іздеу.
Мақсаттарды анықтау және негіздеу
Мақсаттарды топтастыру, оларға сипаттама беру; мақсаттарды экономикаға ықпал ету ауқымы және шығын көлемі бойынша жіктеу.
Мақсаттарды реттеу
Басты мақсат пен бірінші, екінші деңгейдегі мақсаттарды анықтау.
Білім қаржы ресурстарынан жоғары бағаланады, осылайша “білімге негізделген экономиканы” дамытуды қамтамасыз етеді
Венчурлық инвестияцияларды дамыту(Жаңа жобаларға қаржы салуға арналған арнайы жүйе венчурлік капитал деп аталады. Венчурлік капитал – жаңа және тез дамушы фирмаларды қаржыландыратын капитал, сондықтан осы күрделі қаржы жұмсаудың тәуекелі өте жоғары. Жоғары пайда алу үшін, ұзақ мерзімді инвестициялар салынады.)
Элиталық “инттелектуалдар табын” қалыптастыру (ғалымдар, кеңесшілер, сарапашылар, технократтар)
(Ж) Дамушы елдерге тән экономикалық даму стратегияларын талдаңыз: