Сабақтың тақырыбы: Екпін және оның түрлері Бөлім: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика



Дата04.12.2022
өлшемі15,32 Kb.
#54782
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Екпін және оның түрлері

Бөлім:

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика

Педагогтің аты-жөні:




Күні:

3.10.22

Сыныбы:8

Қатысушылар саны: 9 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Екпін және оның түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу арқылы екпінмен танысып оның түрлерін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
2.Данышпан атаның сұрақтары :
А) Фонетика нені зерттейді?
Ә) Орфография мен орфоэпия деген не?
Б) Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата
В) Үндестік заңы деген не?
Г) Дыбыс үндестігі деген не? Оның түрлерін ата



Мұғаліммен амандасады.
Бір-біріне жақсы тілектерін жеткізеді.
Оқушылар берілген қайталау сұрақтарына жауап береді.

Мадақ сөздер айту

Оқулық, жұмыс дәптерлері



Жаңа сабаққа кіріспе


Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін
Сөз екпіні
Дыбыс екпіні
Ой екпіні
Тіркес екпіні
Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тұрақты болады: Екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: Мектеп – кеме, білім – теңіз.
Білім-паз- дар-ға. Сөз екпіні сөйлемдегі барлық сөздің соңғы буынына түседі екен.


Оқушылар екпін туралы өткен сыныптарда өткендерін естеріне түсіреді. Мұғалімнің қосымша түсіндірмесін мұқият тыңдайды.

Мадақ сөздер



Слайд

Сабақтың ортасы



2. Оқулықпен жұмыс
Ережені түсініп оқу. Екпін нелерге түседі екен? Ереже бойынша атаңдар.
— Бір сөзге. Бір буынға. Бір дыбысқа. Бір тіркеске
Ережені жинақтап, тірек — сызба жасайық…
……………………………….бір сөздің
……………………………….бір буынның
Екпін……………………….бір дыбыстың ……………………………………….көтеріңкі , күшті айтылуы
……………………………….бір тіркестің


Шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен? Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.
Оқушымын
Айтайын
Мұздай
Айтпа
Баласың
Көрелік
Оқтай
Барма
Адамбыз
Айтшы
Тастай
Сызба

Өз беттерімен ережені құрастырып жазады.

Оқушылар шеңбердегі сөздердің қайсысына екпін түсіп тұрғанын анықтайды



.
Смайлик арқылы

Қол шапалақтау, мадақ сөздер

Оқулық
Дәптер
Кеспе қағаздар



Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



 Сабақты қорыту
1. Екпін дегеніміз не?
2. Оның қандай түрлері бар?
3.Сөз екпіні деген не?
4.Екпін түспейтін қосымшаларды атаңдар

«Ойды аяқта»





Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет