мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз жəне сөйлем ішінде орынды қолданады
Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен амандасу
Б) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
«Миға шабуыл» әдісі «Қазақ хандығы» жайлы не білесіз?
«Құндылықтар» дегенді қалай түсінесіз?
Екпін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. (Оқылым ) Мәтінді оқып, мәтіннен жетекші сұрақтар қою арқылы негізгі ойды анықтаңыз. Қандай халық болсын, оның жер жағдайы мен тұрмыс-тіршілігі сол халықтың болмысына, мінез-құлық жаратылысына өз таңбасын са-лып, санасына сіңетіні белгілі. Алла тағала қа-зақ халқын бірін-бірі сағынысып жүрсін, бірі-нің қадіріне бірі жетсін деп әдейі ұлан-байтақ жер беріп, сол керіліп жатқан кең жерге ала бұлттан тамған тамшыдай қазақтарды сирек шашып жіберген секілді. Бәлкім, содан да бо-лар, ата-бабаларымыз кісі көрсе, қуаныпты. Танысын-танымасын, ұшырасқан адамға сә-лем беріп, жөн сұрасып, әп-сәтте кедергісіз шүйіркелесіп, ұршықтай үйіріліп кетеді екен ... Қазақ халқы – өзінің қат-қабат тарихында небір нәубетті асулардан асып, басынан талай зобалаңды кешірген, мұңы қордаланған шерлі халық. Сонда да өзіне тән ұлттық қалпын шамасы жеткенше сақтап келеді. Соның бірі – адамға үйірсектігі. (Б. Момышұлы)