Екпін түскен буын



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі18,81 Kb.
#114667
  1   2

Екпін қоя білу

Күнделікті сөйлеу мен көркем шығарманы кез келген мәтінді оқуда, сөйлеп айтуда, сөздердің дұрыс айтылуы, оқылуы мен естілуіне екпін қоя білуіне байланысты. Өйткені сөйлеу барысында бөлшектеніп шығатын бірқалыпты айтылмай сөз ішіндегі бір буын өзгелерге қарағанда көтеріңкі айтылады. Осы көтеріңкі айтылған буынды екпін түскен буын немесе екпін деп айтылады. Барлық тілдегі сөздерге екпін түседі. Түркі тілдегі екпін дауыс құйылысының қарқыны мен айтылуына байланысты дем екпіні болып бөлінеді. Қазақ тіліндегі екпін осыған жатады. Дем екпіні тұрақты және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Тұрақты екпін қазақ тілі мен басқа тұқымдас тілдерде кездеседі.


Екпіннің тұрақты болуы сөз мағынасын өзгертпейді, бірақ сөздердің құбылып айтылуына сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына әсер етеді. Қазақ тіліндегі екпін сөздің соңғы буынына түсіп отырғандықтан тұрақты екпінге жатады. Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан түбірге қосымша қосылған сайын екпін қосымша ауысып отырады. Алайда барлық қосымшалар екпінді қабылдай бермейді.
1. Жіктік жалғау.
2. Етістік.
3. Есім сөздерге жалғанып теңеулік ұғым тудырытын жұрнақтар:
-дай,-дей,-тей,-тай.
4. Етістіктің түбіріне қарай жалғанатын жұрнақтар:-шы,-ші.
Қазіргі ғылыми техниканың дамыған кезінде тілімізге енген әрбір атаулардың оқылуымен жазылуында өзге тілге араласуында өзіндік ерекшелік бар. Терминдік атаулар орыс тілі арқылы кезең-кезеңімен еніп келді. Қазан революциясына дейін көпшіліктерімен қарым-қатынас жасау арқылы тілімізде көптеген сөздер болды. Алайда сол дәуірде енген әрбір сөздің қазақ тіліндегі дыбыс заңдылығына бағындырып солай айтып кеткен. Біз ондай сөздерді қалай қалыптасып кетсе, солай сөйлеп орфоэпиясы мен фонетикалық принципке сүйене отырып айта береміз.
Кеңес заманындағы ғылым, білім, өнер, техника саласына байланысты енген сөздерге орыс тілінде екпін сөздің қай буынында тұрса, сол қалпында қалады. Қазақ тілінің екпіні тұрақты жалғамалы болып келеді.


Сұрақтар:

  1. Екпін дегеніміз не?

  2. Дем екпіні нешеге бөлінеді?

  3. Екпінді қабылдай бермейтін қосымшалар?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет