Мағынаны тану. Электр өрісіне байланысты суреттерді көрсету.
Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау.
Мұғалім әрекеті:Интереактивті тақатадан суреттерді көрсетеді.
Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.
Суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын өздері анықтайды.
Дескриптор:
-өткен тақырыпты пысықтайды;
- жаңа сабақ тақырыбын анықтайды.
-электр өрісі ұғымының физикалық мағынасын түсінеді.
Мысалы: Жер мен тас бірін – бірі белгілі күшпен тартады. Жер мен тастың арасында тартылыс өрісі бар. Сол сияқты қағазды ұсақ қиындыларына электрленген дене, мысалы үйкелген эбонит таяқшаны жақындатсақ, қағаз қиындыларымен таяқша біршама қашықтықтан тартылатынын байқаймыз. Яғни электрленген денелер (арасында) айналасында электр өрісі бар. Электр өрісін көзбен көріп, қолмен ұстай алмаймыз. Оны зарядталған денеге әрекетімен байқаймыз. Электр өрісі ұғымын ағылшын ғалымдары М. Фарадей мен Джеймс Максвелл енгізді. Электр өрісінің әсері зарядталған денелер айналасында күштірек болады да, одан алыстаған сайын өріс әлсірей береді. Зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі қалай жүзеге асады?
Эксперимент жүзінде тағайындалған Кулон заңы зарядтардың өзара өрекеттесуін сандық түрғыдан білдіреді, бірақ "Бір зарядтың басқасына әрекеті қандай жолмен беріледі, бүл өзара әрекеттесудің табиғаты қандай?" деген сұрақтарға жауап бермейді.
Тәжірибелер кез келген зарядталған дененің айналасында заттан ерекшеленетін, электр өрісі деп аталатын кеңістік бар екенін керсетеді. Осы өрістің жәрдемімен электрлік өзара әрекеттесу жүзеге асады. Электр өрісі ұғымын ағылшын ғалымдары М. Фарадей жөне Дж. Максвелл енгізді.
Электр өрісі материяның айрықша бір түрі болып табылады. Біз затты көріп, сезетін болсак, ал электр өрісін сезім мүшелеріміздің көмегімен қабылдай алмаймыз. Ол тек зарядталған денелер әрекетінен ғана байқалады.
Зарядталган денелердің айналасында электр өрісінің әрекеті күштірек, ал олардан алыстаган сайын өріс әлсірейді.Сынақ заряд деп аталатын оң бірлік заряд қолданылады және оның өз өрісі еленбейді.