8.4.1.6 - электр өрісі ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру және оның күштік сипаттамасын анықтау;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істей алады: “Электр өрісі” ұғымының физикалық мағынасын түсініп, оның күштік сипаттамаларын анықтай алады. Көптеген оқушылар істей алады: Біртекті электростатикалық өрісте зарядқа әрекет ететін күшті есептей алады. Кейбір оқушылар істей алады: Күш сызықтары арқылы электр өрісін графикалық түрде бейнелей алады.
Бағалау критерийлері:
“Электр өрісі” ұғымының физикалық мағынасын түсінеді.
Электр өрісінің күштік сипаттамаларын анықтайды.
Біртекті электростатикалық өрісте зарядқа әрекет күшті есептейді.
Күш сызықтары арқылы электр өрісін графикалық түрде бейнелейді.
Құндылықтарға баулу:
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сандар белгіленген карточка арқылы 3 топқа бөлу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен сабақты сұрақтар қою арқылы пысықтау.