Сабақтың тақырыбы: Электр тогы Қазакстан республикасының ОҚу ағарту министірлігі алматы қаласының білім беру басқармасы



Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#117633
түріСабақ
Байланысты:
Охрана труда 4 лекция


Сабақтың тақырыбы: Электр тогы
ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТІРЛІГІ
Алматы қаласының білім беру басқармасы
«ҚазБСҚА Колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Оқытушы: Арчин Т.А.
Алматы-2023жыл

Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.


Электр тогы – зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы
Ток болуы үшін қажетті шарттар
Еркін q бар болуы (иондар, электрондар)
Эл. өрісінің бар болуы
(ток көзінен пайда болады)
Ток әсерлері
жылулық
магниттік
химиялық
физиологиялық

Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіш бойымен ток өтсе,онда ол қызады. Электр қыздырғыш аспаптарда:электрплита,үтіктер, қайнатқыштарда,дәнекерлегіштерде қолданылады.


А)
Б)

Токтың химиялық әрекеті Химиялық ерітінділерге батырылған металл өткізгіш бойымен ток өткенде,ерітіндінің құрамына енетін заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза күмісті алуға,металл бұйымдардың беттерін күміспен жалатуға болады.


А)
Б)

Токтың магниттік әрекеті Өткізгіш бойымен ток жүргенде ,онда магниттік қасиеттер туындайды.Қарапайым магнит сияқты ол өзіне ұсақ темір денелерді тартады.


А)
Б)

Токтың физиологиялық әсері


Жануарлар денесімен ток өтетін болса,
онда ток бұлшық еттердің жиырылуын тудырады..
Адам денесінен өткен ток ауыр әсер қалдырады.
физиологиялық
  • Тұрақты токпен әсер-гальванизация және злектрофорез әдістері;
  • Үздікті(импульсті) электр тогімен әсер-электростимуляция әдістері;
  • Жоғары жиілікті электр тогімен әсер-дарсонвализация және электрохирургия әдістері
  • Адам ағзасына электр немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері

Адам ағзасына электір тогімен әсер ету әдістері
  • Тұрақты электр өрісімен әсер-аэроионотерапия әдістері;
  • Жоғары немесе ультражоғары жиілікті электр немесе магнит өрісімен әсер-индуктотерапия және УЖЖ –терапия әдістері;
  • Аса жоғары жиілікті диапозандағы электромагниттік толқынмен әсер-микро толқындық терапия және дециметрлік толқынды (ДЦТ) терапия әдістері

Магнит өрісі
  • Магнит өрісінің организмге тигізетін әсері мен тірі организм туғызатын магнит өрісін зерттейтін биофизиканың бір саласын магниттік биология деп атайды.

Адам ағзасына тұрақты немесе айнымалы электр тогымен немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері электро физикалық әдістер қатынасына жатады.Жиілігіне сәйкес ол факторлар былай бөлінеді:
Төменгі жиілікті 0-20гц
Дыбыс жиілігіндегі(ДЖ) 20гц-20кГц
Ультрадыбысты жиілік(УДЖ) 20кГц-200кГц
Жоғары жиілікті(ЖЖ) 200кГц-30мГц
Ультражоғары жиілікті(УЖЖ) 30МГЦ-300МГц
Аса жоғары жиілікті(АЖЖ) 300МГц-тен жоғары.
Ағзаға әсер ететін айнымалы ток жиілікке тәуелді. Төменгі, дыбыстық және ультрадыбыстық жиіліктегі айнымалы ток биологиялық ұлпаларға тітіркендіргіштік әсер береді.
Бұл құбылыс электролит ерітінділеріндегі иондардың ығысуымен түсіндіріледі.
Адам ағзасына электро-физикалық факторлармен әсер ету әдістері
Өріспен әсер ету
Злектродтар адам денесінен белгілі бір ара қашықтықта орналастырылады.
Токпен әсер ету
Электродтар адам денесіне тікелей жабысыстырылады.
  • Магнит өрісінің адам организміне әсері өте ерте заманнан-ақ зерттелген.Магнит өрісі нерв жүйесіне жақсы әсер ететінін орыс ғалымы С.П.Боткин ашқан. Тіпті магнит өрісімен кез-келген ауруды емдеп жазуға болады деп ғылымда дәлелденген. Магнит өрісі нерв жүйесіне тежегіштік әсер етеді. Ал қан айналым жүйесінде, қан тамырларының кеңеюін байқауға болады. Өте күшті магнит өрісінің әсерінен микроорганизмдер өсу жылдамдығы және оның өсу сипаты өзгеріске ұшырайды.

Магнит өрісінің адам организміне әсері
  • Диагностикалық және терапевтік құралдардың ішінде табиғаты бойынша электромагниттік (ЭМ) қолданылатын медициналық құралдар ең көп таралған, әрі жиі қолданылатындар санатына жатады.
  • Осындай ЭМ жататын электр өрісі мен оның потенциялын, электр кедергісін, магнит өрісін және ЭМ тербелістер мен толқындарды диагностикалық және терапиялық мақсаттарда қолданады.
  • Адам ағзасына тұрақты немесе айнымалы электр тогымен немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері электро физикалық әдістер қатынасына жатады. Жиілігіне сәйкес ол факторлар былай бөлінеді:

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет